Өлең, жыр, ақындар

Тракторшы Николай

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 638
Жаңа келген Кубаньнан
Тракторшы Николай,
Еңбегін ел құп алған,
Көтеріпті тың талай!
Дала қойны балбырап,
Тау бусанып, жер жібіп,
Екі беті албырап
Рульде отыр ер жігіт.
Николайдың қасында
Тіркеуші қыз Бағила,
Жер жыртысқан асыға,
Әзілдескен тағы да...
Қайтып кешке жұмыстан,
Қол жуды олар өзеннен,
Күлкі-әзілі жарасқан
Жақсы жастық сезіммен...

1954



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешегі жас достарым

  • 0
  • 0

Кешегі жас дос бүгін тарылып тым,
Бастапты жырын жырлай кәріліктің... –
Жастықты тез өткеріп, кезек беріп, –
Деу де ауыр – кәріліктің нәрін ұқтым...

Толық

Қыс

  • 0
  • 0

Жауып тұтас жер бетін
Көктен күміс ұшқындар,
Көрсетті қарлы келбетін,
Лебі суық қысқы ызғар.

Толық

Кейбір інілер

  • 0
  • 0

Бізде әсем інілер бар
Шынығып өсіп, піскен,
Кейінің міні де бар
Сырттан құр кесіп,

Толық

Қарап көріңіз