Өлең, жыр, ақындар

Қыс

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 546
Жауып тұтас жер бетін
Көктен күміс ұшқындар,
Көрсетті қарлы келбетін,
Лебі суық қысқы ызғар.
Тысқа шықсақ жер аппақ,
Белуардан омбы қар.
Тұрса да аяз жалақтап,
Емес дене домбығар.
Қарасаң ағаш басына,
Қар жамылып жапырақ,
Келді көк мұз жасыра,
Тұр айнадай жалтырап.
Алтайы қызыл ақ құйрық,
Ақша қарға түлкі аунап.
Жараған аста ат жүйрік.
Аңшылар жүр түлкі аулап.
Қырғы жолға көз тіксең.
Құлдырап жеккен ат-шана,
Сызылып қарға із түскен,
Ауыздық сүзе, ат шаба.
Жүре ме бала ойнамай,
Соғыпты қардан аққала.
Суықтан беті алмадай
Қызарған, ойнап топ бала.
Жауып тұтас жер бетін
Көктен күміс ұшқындар.
Көрсеткен қарлы келбетін,
Лебі суық қысқы ызғар.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін

  • 0
  • 0

Әлде қалай, –
Нью-Йорк, не Парижде
Серуендеп жүре қалсам, кеш бір кеп,
Парижанка сырттан көріп бір жерде

Толық

Күлімдейді күміс күн де

  • 0
  • 0

Октябрь, еңбекші елге атқан таңсын,
Ардақтап, сүйіп-құшып тапқан таңсын,
Қай сағат, қай минутта кездесем деп,
Жалшы үшін жарығыңды жаққан таңсын.

Толық

Цыгандар

  • 0
  • 0

Бессарабия жерінде
Цыгандар көшіп жүреді.
Өзенді бойлап бүгін де
Шатырда жыртық түнеді.

Толық

Қарап көріңіз