Өлең, жыр, ақындар

Сәбитке

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 433
«Көркем сөзге қаламы
Көрмеген әсте мұқалып,
Мұны жазған адамы
Кәдімгі Сәбит Мұқанов», —
Дейтұғын, кеудесінен өлең тасқан
Ақын ол, маған таныс бала жастан,
Қаламын — найза, сөзін — етіп бомба
Дауылда жауға қарсы араласқан,
Тонының жортуылда шаңын сілкіп,
Жолдарға кедір-бұдыр қарамастан,
Болғанша қара шашын қырау шалып,
Асылын аймағына аямастан
Шарықтай берді шыңға қанат қаға,
Қияға құлаштаса қаламы асқан!
Секілді Көкшетаудың күміс көлі
Құйылтты сөз мөлдірін мәрмәр шашқан.
Жаны — жаз, жүзі — жарқын, жақсы ағаны
Дер едім — өзі де бір жатқан дастан.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтқын

  • 0
  • 0

Ашшы менің түнімді
Берші жарық күнімді,
Қара жал жүйрік атпенен,
Қара көз бұраң сұлуды!

Толық

Жеңіс туы

  • 0
  • 0

Нарттай қызыл жеңіс туы,—
Таудың отты жалыныңдай.
Жарқыраған жазғытұрғы,
Жер жаһанның жарығындай.

Толық

Тройка

  • 0
  • 0

Тесе қарап жолға неге үңілдің,
Оқшауырақ жарқын серіктеріңнен?
Алас ұрып соққан сонша жүрегің
Албыртқан сезем көркін өзіңнен.

Толық

Қарап көріңіз