Өлең, жыр, ақындар

Қазыналы Қазақстан

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Биылғы балбыраған қоңыр күзде,
Қиқулап қайтқан құстай көгімізде, —
Жол керней жүзген бидай керуені
Ағылды дән маржаны жерімізде.
Өлкемнің ой-қырының қай жағына
Қайрылып қарасаң да мал жайыла,—
Мамырлап жатса қаптап, тың даланың
Тұрғанын көресіңіз дән жамыла...
Еділге дейін сонау Ақ Жайықтан
Ақ бидай ақтарылып кең жазықтан,
Маржан тау бола қалды қырманда астық,
Аймалап сүйген оны ғажайып таң!
Ойнайтын қырда бұрын құйын ұйтқып,—
Кең далам кетті жайнап құйылып құт!
Отанның қоймасына құйды бүгін,
Орденді Қазақстан қыруар пұт!
Алуан еңбегі бұл ер кеуденің,
Алып тұр көкіректен ел кең демін!
Дәнінен биылғы астық белбеу өрсек,—
Жүз қабат орар едік жер белдеуін.
Шалғайдан — Вьетнамнан, Москвадан
Жастар кеп тың даламда астық орған,
Қазақпен құдіретті достық күшін
Қосты да, құйылтты дән тасқындаған.
Банкирлер, соғыс тілеп аспа-саспа,
Біздегі бейбіт өмір күші басқа,
Жер мен көк арасына мол астықтың
Дәнінен сала аламыз алтын баспа!
Жеңістің туы еңбекте біз шанышқан
Тартады тың төрінде көзді алыстан,
Төсінде таққан Ленин орденімен
Мәңгі өрле, қазыналы Қазақстан!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйгенім

  • 0
  • 0

Орман көлеңкесінде,
Бұлтты аспанның кешінде:
Есімде... ұзақ қыдырдық
Жапырақтарға оранып,

Толық

Хош келіпсіз!

  • 0
  • 0

Шырын тілді бұлбұлдары өзбектің,
Келіпсіздер ұшып көктем шағында,
Аңсай күтіп жолыңызды күзеттім,
Сайра, сайра, – менің алма бағымда!

Толық

Қыз кеткен

  • 0
  • 0

Амудария бойында
Мың ба, бұрын,— жүз кетпен
Жер қазып, су бұрғанда.
Өзенге бір қыз кеткен.

Толық

Қарап көріңіз