Өлең, жыр, ақындар

Сүйгенім

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 441
(Мүнираға )

Орман көлеңкесінде,
Бұлтты аспанның кешінде:
Есімде... ұзақ қыдырдық
Жапырақтарға оранып,
Сүюге сезім оянып
Жүректі үнсіз ұғындық:
Жалғансыз жаннан леп есіп,
Жүрек пен жүрек тілдесіп
— Шыдатпай нәзік сезімді;
Көңіл күйі келгенде
— Төзе алып па ем бермеуге
Өзіңе бүкіл езімді?..
Отты қара көзінде
Жанған ұшқын сезімге
Қонды, өзге қонар ма,
Күлкі ұясы бетіңде
— Тұр жүректі шертуге,
Сүймеске сені болар ма?

1932



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин

  • 0
  • 0

Көк арша бұтағында қырау қатқан,
Аяздан көгеріп қар тоңып жатқан.
Бұл жерде, жылы сөзді, жарқын көзді
Төрінде зәулім қала нұрға батқан

Толық

Жер астындағы майдан

  • 0
  • 0

Қара түнде шахты шамын,
Шахтыға енер нақты шамын
Қолына ұстап, қайланы ұштап,
Шахтерлер кеп жақты шамын

Толық

Жыл құсы

  • 0
  • 0

«Жыл құсы» жаңа туды қанат сермеп,
Ұшуға ыңғайланып жоғары өрледі,
Қатпаған қауырсыны жас балапан,
Талпынды алға қарай күші кернеп.

Толық

Қарап көріңіз