Өлең, жыр, ақындар

Теңіздегі шағала

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 375
Айқара ашық теңізге
Үйде балкон есігі,
Соққан сонда лезде
Ерке желдің есуі...
Сұраусыз-ақ енеді
Самал сері бөлмеме,
Сипап нәзік себеді
Жұпар исін кеудеме.
Жұлдыз ояу бұл түнгі
Жоқ аспанның бұлты да,
Тәтті рахат ертеңгі
Жатыр едім ұйқыда...
Шырқап жырдай үн қатты
Әлденеме бір шеттен,
Шырт ұйқыдан оятты
Жатқан мені төсектен.
Көз тастасам қарсы ала
Толқын ұрған жағаға,
Келген екен жар сала,
Шаңқылдап топ шағала...
Көк теңіздің үстінде
Толған аппақ шағала,
Ақ шағала үстіне
Күн шашқан от шұғыла!..
Теңіз беті көркейген
Шағала аппақ, толқын көк,
Суға түскен ертеңмен
Шұғыла тұр алтын боп.
Бұл сұлулық мың сыры
Қалды көзде көлеңдеп,
Суреттейтін осыны, –
Шіркін, сұлу өлең жоқ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Грузия

  • 0
  • 0

Жақсы елі — Грузия Колхиданың,
Кім сүймес қарлы тауын, көркем бауын
Бұлт таласқан Қазбек биігіндей,
Көріп тұр оның сұлу халқым бағын!

Толық

Коммунизм таңында

  • 0
  • 0

Қақ, барабан, қақ, барабан, дабыл қақ!
Соқ, сигнал, саңқылдата күйің тарт!
Күшті майдан
Істе майдан.

Толық

Алматы түні

  • 0
  • 0

Көрсе көзің тоя ма
Алматыда түн қызық,
Тұрғандай сәл ауада
Бір ғажайып үн жүзіп...

Толық

Қарап көріңіз