Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы адым

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 380
Басқанда алыс жолға алғашқы адым,
Тұлымым желкілдеген жап-жас шағым,
— Кісімде: жетім тайлақ өркешіне
Жарбиып қаршадай боп жармасқаным...
Туған кез өмір бізге нұрын шашып,
Оқуға кеттім елдің ерін асып,
Жаутаңдап жетім тайлақ желе берді
Құмға тек табанының мөрін басып.
Бүк түсіп қала берді Нарын құмы,
Қой баққан жерім талай дауыл күні...
Жаулығын желпи бұлғап:—сау бол!—деген
Құлаққа сонда анамның шалынды үні...
Ол үнге қарайласам, айналамын,
Анамның білем тағы аймаларын,
Әудем жер шығарып сап, алдымды орап
Құйрығын қалды бұлғап Майлыаяғым.
Сүйеніп қолындағы таяғына,
Жақоң қарт жолыма ұзақ қарады да,
— Қош айтып үй жанында тұрды қатып,
Қалғандай Бесешкіге қарауылға...
Қалқиып өзім туған қара лашық,
Мен ұзап кеткен сайын қалды қашық.
Бір қадам мен ілгері басқан сайын
Жарқырай түсті сәуле алдымда ашық.

1928-1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талмас тұлпар

  • 0
  • 0

Мұз мұнара Алатаудың
Әппақ күміс басымда;
Алтын бұлт ұйықтап тұрды,
Маужырап жартасында.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көзін қадап көкте күн
Қараса, қарды ерітіп,
Туыпты айы көктемнің,
Жан иесін сергітіп.

Толық

Нарын көріністерін есіңе алсаң

  • 0
  • 0

Топырағын туған жеріңнің
Көрмей көп жыл, сен бір күн
Есіңе алсаң: өзіңнің
Елестеп дос,

Толық

Қарап көріңіз