Өлең, жыр, ақындар

Қызыл әскер

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 497
Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,
Жеңіп таптап,
Алға аттап,
Табын жақтап батыр ұлан ұрандар.
Болат құрсау, мұздай темір буынып,
Сауытынан түгің шығып, түйіліп,
Көк құрыштан
Жалын шашсаң,
Қорқып дұшпан
Сенен қашқан,
Шынық, жауға жай оғындай шүйіліп!
Жау тиіссе, түнерсе бұлт түн түнек,
Өрт боп жанып, түре қуып дүркірет:
Еңбекші тап,
Ұлдары нақ,
Табын сақтап,
Сақ бол, сақ, сақ!
Күшейе түс бейне күндей күркіреп!
Көк тіреген көк найзаңның ұшына,
Желкілдетіп, туыңды іл ұшыға.
Тауды тессін,
Тастан өтсін,
Торды сөксін,
Талқан етсін,
Атқан оғың жау жүрегін ұшыра!

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерік

  • 0
  • 0

Қайда ғана басымды мен қойсам да,
Қайғы талап жейді жүрек етімді.
Кеш жатсам да, яки ерте тұрсам да,
Дәл бір нәрсем жетпей тұрған секілді.

Толық

Өлеңім - полюс жұлдызы

  • 0
  • 0

Ұшқыштар ұлы отаннан қанаттанып,
Одақтан Солтүстікке қанат қағып,
Ұшқанда, пропеллер әнін қосып,
Самғады өлеңім де бірге аттанып!

Толық

Ит жүгіртіп аң аулау

  • 0
  • 0

Байдың бақташы әне бағып жүр,
Кейде, есінеп, тоқылдағын қағып жүр.
Күздің желі лебін мұңайып жай есілген,
Кек пен қиыр қырға күңгірт түсірген.

Толық

Қарап көріңіз