Өлең, жыр, ақындар

Қызыл керуен

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 357
Алтым шоғын тауға шашып
Көтерілді күн шығып,
Қызыл тулы
Керуеннен
Көк жаңғырды
Үн шығып.
Жыландай-ақ ирелеңдеп
Шаң бұрқырап жол жатқан,
Таңнан жүрген
Қызыл керуен
Пар-пар өгіз
Сөз артқан.
Кейде ән салған, кейде соп-соп,
Арбакештің айқайы.
Қолда қамшы,
Киген алшы
— Баста ақ киіз Қалпағы.
Миығынан күле, сипап
Ажақам да сақалын,
Дейді — ұлы іс,
Биыл дұрыс
Алдық колхоз Атағын.
Өткен жылы кей белсенді
Асыра сілтеп асырған.
Қайырғали — Сияқтылар
«Шаш ал —десе Бас алған»...
Биыл мынау партячейка
Бізге келген өкілде Түсіндірген,
Ісін білген,
Дұрыс адам Секілді.
«Қанша істесең, сонша аласың»
Деп белгілеп күндікті,
Күндік түгіл,
Санап бүкіл
Бергізеді
Еңбекті.
Еңбек күнін әңгіме етіп
Әркім қанша алғанын,
Қалаға да
Білмей қалды
Қалай келіп
Қалғанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем

  • 0
  • 0

Көзін қадап көкте күн
Қараса, қарды ерітіп,
Туыпты айы көктемнің,
Жан иесін сергітіп.

Толық

Коммунизм таңында

  • 0
  • 0

Қақ, барабан, қақ, барабан, дабыл қақ!
Соқ, сигнал, саңқылдата күйің тарт!
Күшті майдан
Істе майдан.

Толық

Теміртау

  • 0
  • 0

Алқызыл аймағыма атқан тан, да,
Болаттан бұлақ аққан Теміртауда.
Қырынан Қазақстан болат құйған
Теміртау құрыш отау ұлы Отанда.

Толық

Қарап көріңіз