Өлең, жыр, ақындар

Шаңғышылар

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 395
I
Аспанның шалқақ айыңдай,
Садақтың иген жағыңдай
Жер жалар төсі иілген
Мұзға жүзіп жүгірген
Шаңғының ұшқыр шалымы.
Қос аяқтың басына
Іліп алып жосыла
Ақ қарға ізін кестелеп,
Көк мұзға сызық дестелеп,
Айшылық жолды алғандай
Шаңғышының адымы.
Қос қолға ұстап қос таяқ
Секірсе, бейне қосаяқ,
Серіппе тағы құлашын
Секілді ұшқан лашын,
Таңғалғандай жастардың
Шаңғымен қанат қағуы.
Қас қаққанша құлдырап,
Көз ұшынан бұлдырап
Құдиғанда қояндай,
Сорғалаған қырандай
Дерсің бейне тездігін —
Жұлдыздың көктен ағуы.
Қарлы таудың басынан
Мұзды шыңның тасынан
Құйыла құзға сорғалап,
Жазықта жылжи жорғалап,
Қандырмай ма құмарды
Асыр - сайран салуы!
Шаңғышы шыңнан іркілмей,
Қарға аунаған түлкідей,
Нарттай жанып беттері,
Құрыштай бұлшық еттері
Бұлт-бұлт ойнап бұлқынған
Таптағандай тағыны.
Табаны мұздан таймаған,
Тайғақта тайдай ойнаған,
Боранды тіпті ескермей,
Аязда тауды төскейлей
Жорыт тырған бұларды
Ерліктің асқан араны.
Зымыраған шаңғымен
Қас қаққанша алдымен
Гранат, мылтық атады,
Жауға оқпен тіл қатады,
Тасқым судай тасады
Майданда оның ағымы.

II
Белгісі өткен күндердің,
Соғысы белофиндердің
Керектігін шаңғының
Көрсеткен талай қарлы күн,
Біздің ерлер дәл бүгін
Шаңғымен қарға шарқ ұрған
Шарлаған шыңның алыбы.
Кеудесін керсе күш кернеп,
Шаңғымен шықса төске өрлеп,
Майданды күнді еске алып,
Аязды мұзды төске алып,
Дем алса буы бұрқырап,
Қайнаған қуат жалыны!
Шаңғымен зулап аққанда,
Құлашын құстай қаққанда,
Аршын адымы,
Айшылық жерге асқанда
Аққудай ұшса ақ қарда,
Самғауына сай келмес
Сайгүліктің шабуы.
Осындай ерлер тұрғанда,
Халқым жасақ құрғанда,
Партия ұлы данышпан
Өмірді болжап алыстан,
Майданға дабыл ұрғанда:
Күшейіп тұр елімнің
Жеңісті қолға алуы.
Күркіреп күндей біздің күш:
Жерде тайып, көкте ұшқыш,
Суда флот, қырда әскер
Әрі күшті әдіскер,
Қайнаған халық қауымы.
Осындай күшпен, соғыстың
Кезінде ұрыс-қағыстық
Фашистің тауын қайтарып,
Моторлы тобын тойтарып,
Біздің қызыл ерлердің
Құрсана түсті қаруы!
Біздің жерден шегініп,
Қаны судай төгіліп,
Фашистенген немістің
Қабырғасы сөгіліп,
Көрінді жерге көміліп
Күнбе-күн өрем қабуы!
Ажалы үшін жаулардың,
Дөңінен қарлы таулардың,
Атқан оқтай зуылдап,
Самғады алға суылдап
Отанның ер сан ұлы.
Автоматты шаңғышы,—
Самғасын бейне тау құсы
Жарып үш қанды дауылды!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нарттар елінде

  • 0
  • 0

Темірлі тау шыңында ылғи көк тұман,
Ұнатамын сондағы орман жолдарын,
Емендерін бозғыл тұман жамылған,
Ақ шашағын иген жерге талдарын...

Толық

Ленин шамы

  • 0
  • 0

Көңілді шадыман топқа шаршыдағы,
Кеудемнен неше алуан ән шығады.
Жарқ етіп атқан таңдай ауылымда
Жайнады ұлы Ленин шам-шырағы.

Толық

Нарын түні

  • 0
  • 0

Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.

Толық

Қарап көріңіз