Өлең, жыр, ақындар

Берлинге

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 412
Күркіреп кәрі Карпаттан
Кәрін төккен бұлтты айдай,
Жарқылдап оқтар жан-жақтан —
Нажағайдай көкте ойнай,—
Карпаттан атқан оқтары
Бавария тауына
Жаңғыра жетіп, қаптады
Жаудыра жасын жауына.
Қанды ініне жау қашқан
Қансырап ізі жосыла...
Қызыл ер алға жол ашқан
Толқынын кешіп Висла.
Сол ерлердің ішінде
Танкке мінген бір қазақ,
Келбеті кекті пішінде,
Зырлаған алға ер қазақ!
Алатауда туғанын
Айтып-ақ тұр көзі де,
Тоқтар емес туғаным
Берлинге жетпей өзі де.
Торабында жолдардың
Бұлғап қызыл жалауын:
— «Болсын,— деп,— тез жолдарың!»
Бір қыз тұр асып жарағын.
Қыз бұлғап қызыл орамал
Берлинге жол сілтеген.
Жеңіске жалау жорамал,—
Өтуде ер пушка тіркеген.
Күркілдеп күн-түн зеңбірек,
Жарқылдап оғы ұйтқыса,
Зіркілдеген жер мен көк
Миномет боздап оқ шаша.
Өртеніп орман, тау құлай,
Су шайқала, теңселе,—•
Қаһарлы қанды дауылдай
Дұшпанын ерлер еңсере:
Көк пен жердің арасын
Отқа қақтап қуыра,
Қан қыла дұшпан даласын
Жер тамырын суыра —
Қаптаған күшті жер жара
Қараса көз тұнғандай,
Басқандай жауды зіл - зала
Жер есінен танғандай.
Тоқсан тарау қанды жол
Тоғысқан тура ерлерге,
Тоқтаусыз бұл күш біздің қол —
Оқ ата тартқан Берлинге.
Кекті көздің ұшқынын
Садақ атып Берлинге,
Кек алып жатқан күшті күн
Қызыл ер жауға төнгенде.
Құрсанған Қызыл Армия
Берлиннің темір қақпасын
Қаусатпай, сірә, қояр ма,
Қақпасын оқпен қаққан!
Жаңғырта қала, даланы,
Дабылы майдан қағыла,—
Қызыл ер қолына алады
Берлиннің кілтін тағы да.
Қандыбалақ фрицтің,
Көрін қазып көмген күн,—
Тігеміз туын жеңістің
Төбесінен Берлиннің.
Салют берген Москва
Күн сайын қызыл ерлерге.
Қырандар, қуат тасты,
Жет тезірек, Берлинге!

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ажалды жеңген ту

  • 0
  • 0

Тебірентіп жиһанды
Сүйепті Ленин сыйлы адам,
Қол ұсынса жеткісіз
Мәңгі өмір бізге сыйлаған.

Толық

Аэроплан

  • 0
  • 0

Бұлты алтын, жасыл, зеңгір, атлас аспан,
Күміс күн қойнында ана нұрын шашқан,
Бөленіп сол аспанның ләззәтіне,
Бір нәрсе көрінеді бұлттан асқан.

Толық

Жер екен

  • 0
  • 0

Абхазия гүл бағы
Бұлбұл сайрар жер екен,
Көк бұлты да таудағы
Көк теңіздің лебі екен.

Толық

Қарап көріңіз