Өлең, жыр, ақындар

Мерген бала

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 522
Демалыс күн дайындап,
Жазып, жаттап сабағын,
Көшеге шыққан адымдап
Балаға көз саламын.
Кіршіксіз боп жуынып,
Қасы, көзі қиылып,
Тап-таза боп киініп,
ТИР-ге барды қыдырып.
Мылтық алып тұрған жұрт,
Балаға көз салмады.
Нысанадан тайып мүлт,
Оғын тигізе алмады.
Алып жеңіл мылтықты
Бір мезгілде бала атты.
Көк қорғасын шырт етті,
Нысанаға қадалтты.
Қысып мылтық құндағын,
Ішке тартып өз демін,
Ақырын созып қолдарын,
Дәл келтіріп көздеуін —
Қарауылдап қас қақпай
Бір атпады, бес атты.
Бес атқанда босқа атпай,
Нысананы тесе атты.
Қандай атқыш бала деп,
Жұрт мадақтап сыйлады.
Нұсқаушыдан бала кеп,
Бір кітапты сыйға алды.
Содан былай бұл бала
Бала мерген атанды.
Мергендікпен әлі алда,
Қорғасар ұлы Отанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Рица

  • 0
  • 0

Ғажайып бір көл екен
Кавказдағы Рица!
Кім көріксіз дер екен
Сұлулығын бір ұқса?!

Толық

Күлкі емес

  • 0
  • 0

Оншақты өлең бастырып,
Жаңа көріне бергенде, —
Мақтанып кетсе асқынып,—
Күлкі емес пе білгенге?..

Толық

Қылыш

  • 0
  • 0

Кигенің, жігіт, көн етік,
Күміс сап қылыш беліңде.
Шаршапсың ауыр жол өтіп,
Қонып кет менің үйіме!

Толық

Қарап көріңіз