Өлең, жыр, ақындар

Алтын кірпік ту шашағы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 343
Күңге еріп
Мұз сауыты Алатаудың,
Гүрілдеп
Сайдан өзен ақты тулай.
Май күнгі күрең шапақ
Атқан таңның
Шоқтай боп шықты күні
Қызыл тудай.
Күн шықты,
қызыл тудай
Аспанға ілген.
Биіктен шаттық нұрын
Жерге құйып.
Ту тігіп нарттай күрең
Қырда гүлден,
Құлпырған май күніне
Басып иіп.
Қиқулап қайтқан сап-сап
Қараша қаз
Шыққандай
Майдың көкте парадына.
Тойлауға мерекесін
Тамаша жаз
Серпілді самолеттер
Қанаты да.
Май күні бітіріп ел
Егінді еккен,
Сап тізген тракторлар
Даладағы.
Танкінің колоннасы секілді өткен,
Нақ бүгін үлкен Қызыл алаңдағы.
Жайқалып Отанымның
Ойы, қыры,
Тесіне жасыл дала
Гүлдер таққан.
Шырқамай қалай шыдар
Ақын жыры,
Байлығын өмірімнің
Шалқып жатқан!
Туындап колхозды елдің
Төрт түлігі
Далаға жайылғанда
Жер қайысқан;
Жылқының мыңнан еріп сайгүлігі,
Тартады сұлулығы
Көзді алыстан.
Бергендей майға сәлем Эмба,
Мұнайын жеткізгендей
Атқан айға.
Заводтар тасқындата
Құрыш төкті,
Соғылды жер сілкіне
Болат балға.
Қарсы алды май самалын ертеңгілік
Әрбір үй терезесін
Ашып тастап.
Шаттыққа ел елеңдеп,
Жер тербеліп,
Музыка шырқады әне
Тойды бастап.
Бұл әнге қанаттанып
Қала, дала,
Отанның жиылды жұрт
Ой, қырынан,
Маужырап май күйіне
Апа, бала,
Қуана күлді елім миығынан.
Сап тізіп шықты жастар —
Ер жасағы,
Қуанған кемпір, шал да
Ту құшақтай,
Желкілдеп алтын кірпік ту шашағы,
Шықты ән сап
Ұлан тобы—қызыл шоқтай!
Қосылдым мен де барып
Осы топқа.
Қаққандай көкке қанат
Таудан қыран,
Жолы да елеңімнің тұрды сапқа
Жазылған секілденіп
Тудағы ұран.
Ғасырда біздің нұрлы өмірдегі
Жер тозбас,
Ел қартаймас,
Дала гүлдер.
Бізге өшпес Отан - ана өмір берді,
Өрле, Отан,
Жүз мұхитта, корабльдер!
Көремін —
Аптап алтын тапқан халқым,
Көңілін шаттық кернеп
Өскен жұрттың,
Өрді орап, өндірістің асыр даңқын
Қанатын қақтыра түс
Бесжылдықтың.
Келтіріп байтақ елдің берекесін,
Жайқалын жерге симай
Көктеді егін!
Халқымның қошеметтеп мерекесің,
Көмкерді қызыл тулар
Көкжиегін.
Жанымның мәңгі шаттық сарайына
Жүрегімді оттан ыстық
Ту ғып қадап;
Өлеңімді өмірімнің жалауына
Жазамын жарқырата
Еліме арнап.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңмен қойдым қолымды

  • 0
  • 0

Біледі майдан не екенін,—
Соғысты көрген біздің ел,
Соғысты сүймейді мекенім
Сүйеді бейбіт кезін ел.

Толық

Испан ұлы

  • 0
  • 0

Бұлшық еті бұлың тас,
Испанда бір ұл — алмас:
Жарған тауды, қияны,
Оқ даусынан құлағы

Толық

Ұшып келем

  • 0
  • 0

Мезгілі еді нақ түстің
Күн күледі үстімде,
Ұшып келем «Аққұстың»
Қанатының үстінде!

Толық

Қарап көріңіз