Өлең, жыр, ақындар

Жас ұрпақ

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 398
Бұлақтайын алып мұнай,
Алтын қазып, қашап көмір,
Ұшты құстай көкке самғай,
Елменен шат жасап өмір.
Бақытты осы өміріне
Кенеттен жау оқ атқанда,
Ел жүрегі тебірене,
Шықты жастар тағы аттана.
Ұлы Отан соғысында
Қолыменен қақты оқты.
Өлім, өмір алысында
Кеудесімен жапты дзотты.
Бұл сұрапыл майданда да
Отанның шын ер ұлдары,
Жауын жеңіп, тындырды да,
Қуантты елін қимылдары.
Үш орденді қызыл туын
Желкілдетіп ұстап қолға,
Отыз жасқа толғап бүгін,
Өшпес мәңгі жастық тұлға.
Біз қолға ұстап бақыт туын
Жаңа өмірге есік аштық.
Қартаюды білмейтұғын,
Жалындаған мәңгі жастық.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шопан әні

  • 0
  • 0

Мен колхоздың шопаны шарықтаған,
Қасқыр тісін бір қойға дарытпаған,
Жүні жібек, сүті уыз, қозысы егіз,
Қой құйрығын аязға қарытпаған.

Толық

Монумент

  • 0
  • 0

Кез үйренген суретінде
Болушы еді ол сақалдырақ,
Алайда, тас келбетінде
Әлпеті ұқсас жатыр бірақ.

Толық

Сәлем, саған, Москва

  • 0
  • 0

Жер серігі секілді
Көтерілген космосқа,
Келдім жырмен серпінді
Ұсап ұшқан мен құсқа,

Толық

Қарап көріңіз