Өлең, жыр, ақындар

Құмға шабуыл

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 344
I
Октябрь таңы атқанда
Еліме де, маған да,
Ту ұстап ел тартты алға
Жайнады өмір даламда.
Сонда туған жас бала
Жігіт болып жетіпті,
Туға оранып астана,—
Құлпырып-ақ кетіпті.
Каспийден бастап Алтайға
Құлаш ұрған жер шегім,
Бақыт құшып бұл таңда,
Ұмытты ескі ел шерін...
Алтын атып Риддер,
Ағызып Эмба мұнайын,
Өрлетіп өрге нұрлы өмір
Жайнатты елдің ырайын.
Құрыш құйып Теміртау,
Балқытып завод темірді,
Қарағанды елге арқау
Қопарды таудай көмірді.
Темір жолдар құрсаулап,
Желі тартты қырларға,
Меруерт дәндер тұр саулап,
Құйылып симай қырманға.

II
Бүгінгі жарқын өмірде
Жан-жағыма қарасам,
Даламның биік өріне
Жанарымды қадасам:
Толқыны ту көтерген
Волгаға көзім түседі,
Кемерін орман көмкерген,
Еңбектің сонда нөсері!
Елге нұрын төгуде
Бақытты өмір шағы бұл.
Шөлге гүлді егуге
Басталды құмға шабуыл.
Жерімді енді күн қақтап
Қырды баспас құм көшіп,
Өрледі елім алға аттап,
Табиғатпен тілдесіп!
Қазақстан құлпырып
Қырлары алтын уыстап,
Қырандай алға ұмтылып,
Тұр шыңында ту ұстап!
Елім өмір тойында
Туын тігіп қырмызы,
Жылу берген бойына
Коммунизм жұлдызы!

1950



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Түн қараңғы қоңыр бұлт,
Бір кезде түсі бұзылған.
Кеудеде өрт, жабық кілт...
Қайғыдан сызық сызылған.

Толық

Алтын аймақ

  • 0
  • 0

Гүрілдеп құздан құлап тау бұлағы,
Шола алмай бұлттан шығып ай қияны,
Шаңқылдап атар таңның жаршысындай,
Шағы еді қанат қаққан тау қыраны.

Толық

Украина

  • 0
  • 0

Украина ой-қырыңнан
Қуанышты ән құйылған,
Қырлығыңның құнарынан
Уызды алтын дән құйылған.

Толық

Қарап көріңіз