Өлең, жыр, ақындар

Адамзат программасы

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 306
Ұлы Октябрь жалын жүзі нұр жайнап
Туып, бізге құйды лебін бір ғажап.
Зұлматтан, зомбылықтан, бұғаудан,
Жаппай жетім-жесірлерді қылды азат.
Еріктірді еркін ақыл-санаға,
Шеккен жанды ғасыр бойы күллі азап.
Құйындата, топандата құдіреті
Бақытты өмір берді жазын бізге ұзақ.
Ұлы дана бабалардың қолымен
Манифестің жазылған кез жолы кен,
Европаның үстін кезе шарлады
Коммунизм сәулесі де көгінен.
Адамзаттың көкірегінен вулкандай
Атылғалы тұрды бір күш өрінен:
Бостандыққа ел құшағы ашылып,
Жарқын шаттық сезілді де демінен,
Ильич дана ер жеткізген сананың
Тұңғыш туы көзге күндей көрінген.
Ескі құлдық заманының кешегі
Тағы құлап, үзілген кез кісені.
Бақыты үшін жетім-жесір құлдардың,
Қан майданның өтті дауыл нөсері...
Октябрь кеп гүл жайнатып әлемді,
Кетті адамның бойындағы кеселі.
Жұртымыз шат, рақатта ел дарқан,
Езілгендер алды өмірден есені.
От жүректі пролетариат баласы,
Жолы құрыш құрылысты құрушы ол.
Жаса, езілген таптың диктатурасы,
Жер-жиһанда совет елі бірінші ел.
Адамзатқа адамдық ат танылды.
Санасына сәуле шашып шұғыла.
Социализм лагеріне жол алды,
Халық бақыт нұрлы таңын ұғына.
Тұңғыш шыққан Аврора үнінен
Ел оянып жатқан жалпақ шығыстың.
Қытай, Вьетнам, Кореялар қозғалып,
Азаттық деп жаңғыртты үні жер үстін.
Гудоктайын шыққан даусы сазданып,
Үні жарқын, атқан отты көзі ұшқын.
Өзін дағы, өзгені де таныды,
Жауға екпінін көрсетті де шын күштің.
Жалғыз шығыс емес, күллі халықтар:
Румындар, «болғар әм чех, поляктар
Ленин туы астында еңсе көтеріп,
Таң нұрына қанат қақты шарықтар!
Алайдағы, капитализм шіріген
Жұмыртқадай, күні қаран кіріптар,
Жанталасып, даурығысып бүлінген,
Өрмекшідей тәсіл-торын құрып бар.
Бір жексұрын капитализм реңі,
Қолы қанды, жүзі қара күйелі,
Адам етін сабын қылып қайнатқан
Гитлер аң сол сұмдардың біреуі.
Кеше ғана көрін құшқан өкіріп,
Тас-талқан боп құрып, шіріп сүйегі...
Ал, біздің ел өсті шырқап жеңіспен
Құдіретті коммунизм тірегі!
Жер шарында елі жаңа советтің
Қайнар көзі бақыттың да дәулеттің!
Алыстағы бастап Кушка елінен
Кубаға да жеткенше отан нұр тектің,
Сонау Кури аралынан Бриста
Жеріне де жеткенше сен гүл ектің!
Халықтардың бойына қан жүргізіп,
Жанын бердің мүлгіген сан жүректің.
Көреген көз шұғыласымен Лениннің,
Мешеу қалған жұртты бақытты ел еттің.
Бақыт берген менің ұлы партиям –
Күні болған арман мен бар тілектің!
Партиямның адресі – Москва,
Маған ана, сол маған қолбасшы да.
Қырық жылдың асқарында Отаным,
Құлпыруда қызыл тудың астында.
Жасап зәулім коммунизм сарайын,
Сол сарайдың бойы бұлттан асты да.
Құя түстік құрылысты құрыштай,
Қалағандай тас үстіне тасты да...
Бұл сарайға қол көтерсе қас дұшпан,
Жібереміз көміп жердің астына.
Жерімізді жасадық біз гүлстан,
Отанымнан таңым нұрын шашты да,
Колхоз, совхоз, фабрика, заводтар
Қуаттана алға қадам басты да,
Миллион қолдар жеңін түріп еңбекке
Құлшындырды кәріні де, жасты да.
Ленин жазған ұлы кітап өмірге
Халық жолын жарқыратты ашты да.
Партиямның программасы бұл менің,
Жолым осы – қуатты да, жақсы да!
Маған да, елге қуат берген жасымнан!
Алуан ұлтты бостандыққа жеткізіп,
Өмір бұлтын ысырған ел басынан.
Төңірекке көз жіберіп бұлбұлдай,
Ақыннан да ағылды жыр тасыған.
Күннің нұры, жұлдыздардың сәулесі
Біздің өмір шұғыласына бас ұрған.
Адамға тән, жүрекке ізгі жылуы
Отанымның бойы биік не шыңнан.
Саф ауадай – өмір таза, халық дос,
Ұлы еңбекпен астық талай асудан.
Еңбек сүйгіш миллион қолдар қалады
Коммунизм ірге тасын асылдан.
Солар осы нұрлы ғасыр иесі,
Өткен нағыз адал жандар не сыннан.
Коммунизм құрушысын тосып ем,
Дер өмірдің өзі дағы осы ием!
Жаны риза болар бұған әркімнің,
Елмен бірге – бостандықтың досы мен.
Жасым менің жетсе дағы сексенге,
Жыр шырқаймын елім үшін өсірген.
Немереммен, шөбереммен бір жасап,
Асуларды аса берем ғасырмен.
Жыл басындай, атқан сайын әр таңым,
Ильичке тағзым қып, бас ием!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалпақтал

  • 0
  • 0

Жүзіңді жылдар аңсаған,
Жаңа көрдім, Жалпақтал,
Жұртыңды жылы қарсы алам,
Жырымды да байқап қал.

Толық

Хрустальдар сыңғырлап

  • 0
  • 0

Киіп аппақ дала гүл,
Жігітін бір қыз күтіп
Тұрғандай-ақ, жаңа жыл
Жетті міне мұз кірпік.

Толық

Цыгандар

  • 0
  • 0

Бессарабия жерінде
Цыгандар көшіп жүреді.
Өзенді бойлап бүгін де
Шатырда жыртық түнеді.

Толық

Қарап көріңіз