Өлең, жыр, ақындар

Май

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 399
Нұрын шашып,
Гүл ашып,
Жайнаң қағып келді май.
Тілге қуат,
Кезге нұр,
Көңілге шабыт берді май.
Сұлу ғой май:
Гүл-шешекті,
Балға, орақ, сырғалы.
Сұлу ғой май,
Назды қыздай,
Мың құбылған жырлары.
Сұлу ғой май:
Қойынында
Жайнар еңбек ерлері.
Жылтырайды мәрмәр тастай
Моншақ-моншақ терлері.
Май күледі,
Еркелейді,
Құптап еңбек бақытын.
Өртейді май,
Жоқ етеді
Зұлымдықтың тағын.
Барлық жанға
Алтын сәуле
Шашар.
Жайнап май күлер.
Май күні еркін
Соғар жүрек,
Майға миллион көз тігер.
Күлсе майым,
Қайғы, уайым
Барлық жаннан арылар.
Миллион көздің нұрындай жыр,
Май күндері жазылар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл құс

  • 0
  • 0

Қаршадай-ақ жас
Құрыштың қолымда
Кітап ашық, қағаз-қалам оңында.
Жоқ ед тіпті қараша үйдің базары,

Толық

Ленин

  • 0
  • 0

Көк арша бұтағында қырау қатқан,
Аяздан көгеріп қар тоңып жатқан.
Бұл жерде, жылы сөзді, жарқын көзді
Төрінде зәулім қала нұрға батқан

Толық

Ақын ажалы

  • 0
  • 0

Қағып ажал жолынан
Ашты дағы аранын!
Қайран ақын! – қолыңнан
Түсті ұшып қаламын.!..

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар