Өлең, жыр, ақындар

Күз жыры

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 535
I
Әр мезгілдің өзінше бір сәні бар.
Күздің көркі қай мезгілге тең емес,
Хрусталдай жалтыраған январь
Айларынан – күздің көркі кем емес.
Аспан таза жуып қойған шыныдай,
Су – мөп-мөлдір, ала шапан – жапырақ,
Қауындардың исі тәтті шырындай,
Бақшалардан шығар таңда бұрқырап.
Атып келе жатқан сүйіп таң нұрын,
Солтүстіктен керуені құстардың.
Тізіледі, шашып алтын мамығын
Қауырсыны қаққан сайын құшқан күн.
Қоңыр күзге тігеді көктен күн,
Тойға торқа киінгендей бар дала,
Айнымайды қызыл алтын төккеннен
Күз даланың барқытына сары ала.
Бау-бақшаға кірдім піскен миуасы
Албыраған алмұрт, өрік, жүзіммен,
Салмағынан тәжім етіп тал басы,
Сабағынан алмалары үзілген...
Баудың батыс, шығысына үңіліп
Көз жіберсең, – тұр жайнаған пішінмен,
Күздің желі бұта сайын жүгіріп, –
Жапырақтарды қағып жерге түсірген.
Анар айтад: «татсаң дәмім шербеттей,
Татпаған жан мейлі өзінен көреді,
Сені өзіне қоймайды ол шөлдетпей,
Дәмін көрген – нағыз зәмзәм», дер еді.
Алма айтады, қолыңа алсаң албырап:
«Дәмім балдай, тек көзіңіз тимесін!
Аузыңа алма, алсаң – сүйіп ал бірақ
Білем, жұрттың менен өзге сүймесін».
Алмұрт айтад: «Бізді асылға санайтын
Жеміс едік, қалай сыртта қаламыз,
Білгендерге – секілдіміз сары алтын,
Алтынменен бірдей біздің бағамыз».
Жүзім айтад: «Жап-жасыл қып, мөлдіреп,
Шомылдырып бізді өсірді нұр бұлақ,
Бізді талай жаудыр көздер көрді көп,
Мөлдір тамшы тәрізді біз бриллиант».

III
Су мөп-мөлдір. Аспан – таза әйнектей,
Қанат жайып тағы қоңыр күз келді,
Мақтаны ек деп шықты дихан еңбекке,
Күміс қырау күз келгенін кез көрді.
Таудай биік ризықты көтеріп,
Әкелді ол жемістерді шербетті,
Қап-қабымен дәнді жинап әкеліп,
Сый тартқан бір қарындастай келбетті.
Сұлу қыз кеп елге олжасы жетерлік,
Колхозды елін сыйға бөлеп тербетті.

IV
Мен сұрадым, желден жауап күткендей:
– Жылдың бұл қай мезгілі деп құлпырған? –
Жауап қатты; деп, – бұл күз – дәл көктемдей,
Көркі аумайды жарқыраған алтыннан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кең залында Кремльдің

  • 0
  • 0

Коммунист партиясы —
деген атты
Ең құрмет тұтып
бастан ел ұнатты!

Толық

Жұманиязға

  • 0
  • 0

Жұманияз жұғымды,
Мінезі бар сабырлы,
Әрбір сөзі ұғымды
Арнасы кең сарынды,

Толық

Көмір күйі

  • 0
  • 0

Алыбын ұлы Донбастың,
Күшімен алғыр алмастың
Майданда, Алексей көмірін
Күреп жердің өңірін

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар