Өлең, жыр, ақындар

Еңбекші әлем сүйікті ұлын ұмытпас

  • 22.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1435
Бір жыл толды ер майданда өлгелі,
Жанған шырақ қапылыста сөнгелі.
Қара ниет, арам қанды жау оғы,
Көсем ерді туған нудан бөлгелі!
Дәлдеп тиген аямас сұм топас оқ
Қуандырды пасық жауды дескен... «шоқ!»
Ердің нуы қаһарлы үнмен күңіренді:
«Кек алуға!.. Сұм дұшпанға рақым жоқ».
Сұмның оғы жұлды көсем ұланды:
Қаһар үнмен нулы ел кекке бұланды.
Күйінді де тез құртуға ант етті,
Іннен інге тығылған сұм жыланды.
Қатты батты сұм жыланның шаққаны,
Топас оқтың көк жұлыннан қаққаны,
Партияның ең қымбатты ер ұлын,
Таңдап сұмның, аңдып жүріп атқаны!
Қуанба әлі, жаны қара жауыздар,
Ішкі, сыртқы арам қанды ауыздар.
Еңбекші әлем сүйікті ұлын ұмытпас
Кегін кектер пролетариат бауырлар!..
Партияның құрыш жолы қайыспас,
Жаңа өмірге бастай берер, тайлықпас
Партияның соққан өткір алмасы,
Мың бөгетті турар, мәңгі майыспас!
Ленин туы Партияның қолында,
Нұсқап кеткен ұлы көсем жолында.
Киров нуы бақытты өмір жасауда,
Қасиетті биік тудың соңында.

1935 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұзды тау

  • 0
  • 0

Мұзды тау мұнарлы ойға шомып батқан,
Зәрлі алған көкірегінде мұз боп жатқан.
Кеудең мен жүрегіңді сұп-суық қып,
Суық мұз жібіместей мәңгі қатқан.

Толық

Үгіт

  • 0
  • 0

Ағайынның, алаштың
Көбі-ақ саған қас шығар.
Мұз боп қатып жүрегің,
Қалған көңілің тас шығар.

Толық

Жауды қудық

  • 0
  • 0

Сұм ұлдары,
Қанды аузын жалмасты,
Екі қылыш
Ысқырысып шалмасты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар