Өлең, жыр, ақындар

Біздің стан

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 547
Жаңа тұрмыс қалайды.
Айнала жау
Шабуға көз қадайды.
Уақыт күтіп,
Қанжар тұтып,
Демін жұтып,
Көзіңді аңдып,
Қан тырнағын жалаңды.
Іште де бар
Шарлатандар, күшіктер,
Тон жамылған
Жорғалаған бүшіктер,
— Соны да бақ
— Соны да қақ,
— Бет қақпасан
— Күшік өсіп күшіктер.
Қырағы көз,
«Қалғып кетті!..» дегізбе
Жау тұмсығын
Шекке жақын енгізбе!
Айнала жол,
Айнала шөл!
Биікте бол,
Сен, Альбатрос,
Жерде, көкте, теңізде!..
Айнала жау
Сақ бол күзет, жалықпа,
Жерде, көкте
Кірпік қақпа, қалықта!
Оқты сайлап,
Допты майлап,
Тас қып байлап.
Бейне Альбатрос,
Көкте гүрлеп шарықта!..
Қай жағыңнан
Шықса да жау, қай дүсір,
Найзағайша ат,
«Төбесінен сай түсір!..»
Жарқ-жұрқ отпен
Алмас оқпен,
Жанған шоқпен
Ер Альбатрос,
Дұшпанға мерт жай түсір!

Алматы, 1932 жыл, 27 қыркүйек



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкшетау

  • 0
  • 4

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Толық

Міне көл

  • 0
  • 0

Көлің міне,
Күндіз, түні
Мың түрлі әнмен шулайды.
Кейде тынық,

Толық

Кімде-кімнің тасқын судай қайраты

  • 0
  • 0

Кімде-кімнің тасқын судай қайраты,
Күркіреген бұлтты аспандай айбаты.
Екпін-күші асау тағы тұлпардай,
Серпіндісі тас түлекті сұңқардай.

Толық

Қарап көріңіз