Өлең, жыр, ақындар

Арыстан Дәуітұлы

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 631
Пайғамбар жалын сөзі иман берген
Сансыз ер жолында өлмек соңына ерген.
Тілінен балы тамған, ақын бұлбұл
Мүлт кетпес тіл мен қолы бірдей мерген.
Тарихтың ұлы дүбір арыстаны
Қырағы өткір зейін данышпаны
Дүбірі жер мен көкті солқылдатқан
Сан жаумен зор майданда алысқаны.
Қайралған өткір алмас, тілі шешен
Тарихтан шыққан жеке үздік көсем
Қол бастап өзгерісте алып еткен
Тар жолдан, тайғақ кешу аман-есен.
Арыстан жалбыр қара аруақты
Айбыны қалтыратқан алтын тақты.
Жол бастап жалпы адамзат бақытына
Көрсеткен айнадай қып болашақты.
Арыстан һәм пайғамбар сегіз қырлы
Ілімі жалшы бақыт, жалғыз сырлы
Сүйініп, шалқып сені жыр қылмаса
Не қылад сорлы ақындар өлең-жырды?!
Тарихтың зор қамытын мойнына артқан
Үлгі алған орын басып, үлкен қарттан.
Кейінгі жалпы елдің жас буыны
Шаттанып жырлар талай еріп арттан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пролетариат

  • 0
  • 0

Билеген шаттық өмірді,
Күн де бүгін көңілді,
Толқындап жел келеді,
Әлдекімнің өлгенін,

Толық

Пионерлер

  • 0
  • 0

Құзынан «Кенесары» емес жырақ
Сарқырап «Бурабайға» құйған бұлақ.
Тау тесіп, салдыр-гүлдір, ылды-құлдыр,
Сумаңдап орман кезіп еткен бұрақ.

Толық

Біздің құрал

  • 0
  • 0

Біздің құрал
Жаудікіндей шон емес.
Біздің құрал
Жалғыз ғана оқ емес.

Толық

Қарап көріңіз