Өлең, жыр, ақындар

Лезде-ақ артта қалады

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 854
(Жаз өтті)

Жасыл көрпе жердегі,
Майда жібек желдегі,
Ән менен күй көлдегі
Жойылып бітіп барады.
Аспан, жердің сүрі жоқ,
Көктің жасыл түрі жоқ,
Жаз көркінің бірі жоқ,
Шөл қаққандай даланы.
Қайғырып қайың иіліп,
Жапырақ қурап түйіліп,
Селдіреп шашы сұйылып,
Өткен күнін санады.
Топтанып құстар жиылып,
Тізбектеліп, түйіліп,
Бірте-бірте сұйылып,
Қоштасып қайтып барады.
Жаз өтті міне аяңдап,
Алдағы зор күн таяу қап,
Өткен күнге аялдап,
Қорқақтың көзі талады.
Бір бала қырдың басында,
Жайылған қойы қасында,
Аулы қырдың астында,
Төңірекке бойлап қарады.
Бала бір зор ой ойлайды,
Ой түбіне бойлайды,
Төңірекке қарап қоймайды,
Қырға көзін салады.
Бала бақыт іздеген,
Қырдан көріп көздеген,
«Жетсек» . . . деп соған «тез» деген
Жүрек жайнап жанады.
Бақытқа, інішек, жетерсің,
Кешуден талай өтерсің,
Көрінген жол қиырсыз,
Лезде-ақ артта қалады.

1923 жыл, 7-қазан



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біржан

  • 0
  • 0

Қазақта даңқы шыққан Біржан ақын.
Келтірген сұлу өлең сөздің нарқын.
Сан топта, сан жүйрікпен жарысқанда,
Келмеген қапталына ешкім жақын.

Толық

Анамның хаты

  • 0
  • 0

Байғұс ана хат жазыпты,
Депті «балам сағындым»,
Ұмыттың ғой бізді тіпті,
Бір келмедің неғылдым?

Толық

Тау ішінде

  • 0
  • 12

Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар