Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 109
Шыр етіп кіндік қаным саған тамып,
Сен құндақтап алыпсың, анам талып.
О, туған жер, сонда мен ес жиғанмын,
Саф ауаңнан жұтынып, тағамданып.
Сенде алғаш бөленіп, құндақталғам,
Сенде тозып ит жейдем, жұрнақ қалған.
Сенде тартқан белтартпа қайран әжем,
Өз қолымен тігіліп сырмақталған.
Сенде өскен ақ қайың бесігінде,
Тербетіліп жуындым жеті түнде.
О, туған жер, теріп жеп ақ дәнінді
Кенеліпті ата-анам несібіңе.
Төрт тағандап ең алғаш бұлтыңдаған,
Барғанда іздеп, үйімнің жұртын табам.
Тәй-тәй басқан жерлерге тәжім етіп,
Ақ шаңына аунаймын бұрқылдаған.
Адам болдым демеймін өз бетіммен,
Әлі сенде сәбидей тербетілем.
Қамыққанда жұбанып, тарыққанда,
Қуат алам күн сүйген келбетіңнен.
Сағынғанда сағымдай жосыламын,
Құшағымда сай-сала шоқыларың.
Сенен жырақ жүрсем де, қиялыммен,
Қызылжардың қырында отырамын.
Сенде өскен жеміспін дарақтанып,
Сенен ұшқан қыранмын қанаттанып.
Піскен жеміс өзіңе төгіледі,
Саған қонам, шаршасам қанат талып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай

  • 0
  • 0

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай,
Кейде отырам қас-қабағым ашылмай.
Тұңғиыққа түпсіз сүңгіп кетемін,
Метеориттің ағып түскен тасындай.

Толық

Адам қонақ өмірге

  • 0
  • 0

Адам қонақ, – деп айтады, – өмірге,
Өмір, онда қуаныш бер көңілге.
Қоштасуға асықпағын ертерек,
Ол қоштасу біздер үшін жеңіл ме?

Толық

Жалынға жанды жанып ап

  • 0
  • 0

Бой түзеп жапан далада,
Қайындай жалғыз сыңсыған.
Мен кейде жеке қалам да,
Ойлардан ойға тұншығам.

Толық

Қарап көріңіз