Өлең, жыр, ақындар

Үйің қайда достым

  • admin
  • 24.04.2024
  • 0
  • 0
  • 30
Үйің қайда достым,
дәмсіз, мәнсіз жол жүруден шаршамадың ба?
тоңдың, жаурадың,
есігіңе қайта-қайта соғылып боран,
терезеңді торуылдап бұлыт.
Бөлмеңнің ауасын жұтып тұншыққан қағаздарды
еденде аққан көз жасыңа матырып
тәубе етесің:
астыңғы ернің үсіген жапырақтай діріл қағып,
сонда, көзіңнен ағып жатады Ніл,
батып баратып перғауын
тілге келесің;
«әр сезімдерімнің ақысын Алла разылығы үшін берсем-ші...» - деп,
және
«Ата-анам жолыңа құрбан болсын ақиқат, жалғанға алдатпа...» - дейсің қарашығыңда нажағай шытынап жатып,
басқан адымыңда сәт тұрады үңірейіп,
өртеніп жатып төсің
езіліп-егілесің...
Сәлден соң,
бұлыңғыр түсті айналаң боянып тұрады реңкке...
маңдайыңдағы қос қарлығаш ұшып бара жатады
жаңбырдан кейінгі көкке...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сол баяғы...

  • 0
  • 0

Сол баяғы күз бағындай көңілім,
Сол баяғы қарапайым өмірім.
Мені іздеп телефонға үңілсең,
Сол баяғы өзгермеген нөмірім.

Толық

Көзімді көкке ашып

  • 0
  • 0

Көзімді көкке ашып,
қарағаным пыр-пыр етіп ұшқан сайын,
соңында тұрып қалам
аспанның қай шетіне самғар екен деп...

Толық

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем...

  • 0
  • 0

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем?
Жапырақ-ай, өлермісің, не етерсің?
Аспан ана көз жасына жуынып,
Сен де бір күн үзілерсің, кетерсің.

Толық

Қарап көріңіз