Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Айтар сөзді алдымен ойлап ал.

Ілмектер: сөз, ойлау

Айтқан сөз — атқан оқ.

Ілмектер: сөз, оқ

Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.

Ілмектер: сөз, сыр, бедел, ырыс, жақсы

Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың.

Ілмектер: сөз

Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.

Ілмектер: сөз, алтын, тіс, бақыр

Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.

Ілмектер: ақыл, тіл, сөз, көрік, көз

Ақылды адам сөзді орнымен айтып,
Жөнді жауап күтеді.

Ілмектер: ақыл, адам, жауап, сөз

Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.

Ілмектер: ақылды, ақылсыз, сөз

Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.

Ілмектер: ақымақ, мың, батпан, тас, көтеру, сөз

Ақымаққа айтқан сөз зайғы кетеді.

Ілмектер: ақымақ, сөз

Аталы сөзді арсыз қайырар.

Ілмектер: ата, сөз, ар

Атлас — қымбат, бөз — арзан,
Көп сөйлеген сөз — арзан.

Ілмектер: арзан, қымбат, атлас, бөз, мата, сөз

Ауыз бен тілдің көркі — сөз.

Ілмектер: ауыз, тіл, көрік, сөз

Ауызыңмен сөйлеген сөзді
Құлағың да есітпейді.

Ілмектер: ауыз, құлақ, сөз

Әділ сөз ірі көрінеді.

Ілмектер: әділ, сөз, ірі

Әзілқойдың сөзі зая болар.

Ілмектер: әзіл, сөз, зая

Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Ілмектер: тау, тас, сөз, адам

Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл

«Кісі не сөйлесе де әуелі ойланып алып,
Әсілін біліп сөйлегені жөн» депті ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, сөз

Әке-шешесіне жаман сөз айтқан кісіні өлтіруге тиісті.

Ілмектер: әке, шеше, жаман, сөз