Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (23)

Көптен дәметкен,
Аздан құр қалады.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Жарлылық деген жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Базары жақын —
Байымас.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Базар — бай,
Базаршы — кедей.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Базарға әркім барар,
Өзінің керегін алар.

Ілмектер: кедейлік, байлық, базар

Сауда сақал сипағанша.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Саудада достық жоқ.

Ілмектер: сауда, кедейлік, байлық, достық

Иттен сүйек қарыздар.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Ақшалының қолы ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.

Ілмектер: ақша, кедейлік, байлық

Сатушыны алушы ұтады.

Ілмектер: сауда, кедейлік, байлық

Малдың нарқын иесі айтпас,
Базар айтар.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Тон алам десең
Базарға бар,
Тоналам десең
Мазарға бар.

Ілмектер: кедейлік, байлық, базар

Алғаның — олжа;
Сатқаның — зиян.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Алдың — ұттың,
Саттың — жұттың.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Алтыға алып,
Беске сатпас болар.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Арзан менен қымбатты
Базардағы біледі,
Қожа менен молданы
Мазардағы біледі.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Жаз – жарлынікі,
Қыс - әлдінікі.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.

Ілмектер: ұят, мұрат, кедейлік, байлық

Бір жоқтың бір тоқтығы бар.

Ілмектер: кедейлік, байлық