Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Адам құрсағынан арықтамайды,
Құлағынан арықтайды.

Ілмектер: адам, арықтау, құлақ

Ғалым болмақ оңай,
Адам болу қиын.

Ілмектер: ғалым, адам

Арықпын деп ауызды ырсита беруге бола ма?

Ілмектер: арық, адам

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Ілмектер: адам, ой, қой, қасқыр, бөрі, қырғыз мақалы

Пәрменсіз адам болса да,
Армансыз адам болмайды.

Ілмектер: адам, арман

Адам болу — әсте-әсте,
Айуан болу — бір пәсте.

Ілмектер: адам, айуан

Қайтарған адам малсақ.

Ілмектер: адам, қырғыз мақалы

Айуанға – таяқ,
Адамға – ишарат.

Ілмектер: адам, айуан, таяқ, ишарат, қырғыз мақалы

Басы домалақтың барлығы да адам бола бермейді.

Ілмектер: бас, адам, қырғыз мақалы, домалақ

Су да төмен қарай ағады,
Кішіпейілдік адамға жағады.

Ілмектер: су, адам, кішіпейілдік

Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.

Ілмектер: адам, бала, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ала жылқы жоғалмас,
Арамза жан оңалмас.

Ілмектер: арам, арамдық, адам, жылқы, төрт түлік мал, қырғыз мақалы

Адамнан ақыл қашып құтыла алмайды.

Ілмектер: адам, ақыл

Қарты бар үйдің құты бар.

Ілмектер: қарт, құт, үй, өмір, адам

Адам қырықта - қылау, елуде - елік.

Ілмектер: адам, адам туралы

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері, ата, бала

Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес.

Ілмектер: кісі, адам

Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен ұтылар.

Ілмектер: әзірбайжан мақалы, сөз, адам

Адамның ақылы қысқарса,
Аузындағы сөзі ұзара береді.

Ілмектер: Осетин мақалы, адам, сөз, ақыл

Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.

Ілмектер: әдеп, адам