Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (52) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (74)

Өлім байдың малын шашады, жоқтың көтін ашады

Ілмектер: өлім, дүние

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Ілмектер: дүние, тас

Адам — дүниенің ажары,
Дүние — өмірдің базары.

Ілмектер: адам, дүние

Есепсіз дүние жоқ.

Ілмектер: дүние, есеп

Дүние ақылдыға жарық,
Ақылсызға тамұқ.

Ілмектер: ақыл, дүние

Өзіңді өзің тыймасаң,
Өзгені қалай тыярсың?
Құлы болсаң құлқынның,
Дүниеге қайтып сыярсың?!

Ілмектер: дүние, тыю

Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.

Ілмектер: қайғы, адам, дүние

Сүйіктің жоқта дүние суық.

Ілмектер: сүйікті, дүние, жанұя

Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, дүние

Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге,
Жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге.

Ілмектер: жақсы, жаман, су, дүние

Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық.

Ілмектер: мал, дүние

Дүние жиып нетесің,
Бір күн тастап кетесің.

Ілмектер: дүние, күн

Тар пейілге - дүние тар,
Кең пейілге - лашық та кең.

Ілмектер: пейіл, дүние, лашық

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Ілмектер: дүниеқор, дүние, адам, адам және оның қасиеттері

Кең дүние кереметсіз емес.

Ілмектер: дүние, керемет, парсы мақалы

Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.

Ілмектер: түйе, ойран, дүние, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Етігім тар болса,
Дүниенің кеңдігінен не пайда.

Ілмектер: етік, кең, дүние

Адал дүниеге есеп керек.

Ілмектер: адал, дүние, есеп

Азым дұспан кей адам нәпсін тыймас,
Нәпсіменен дос болып, дүнияны көзі қимас.

Ілмектер: нәпсі, дос, дүние, көз

Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.

Ілмектер: ақыл, дүние, екі, жол