Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (507) Ұлағатты сөздер (3)

Өтірікшінің жады қысқа.

Ілмектер: өтірік, өтірікші, парсы мақалы

Пайдалы істі асығытық – астамшылық.

Ілмектер: асығу, іс, пайда, парсы мақалы

Соқырға шырақ не керек.

Ілмектер: соқыр, шырақ, парсы мақалы

Пияз да миуа тобына кіріпті!

Ілмектер: пияз, парсы мақалы

Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.

Ілмектер: ұйқы, топан су, парсы мақалы

Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.

Ілмектер: сый, ат, парсы мақалы

Алтын беріп,
Ауру алды.

Ілмектер: алтын, ауру, парсы мақалы

«Алуа» деп айтқанмен,
Аузыңның дәмі кірмейді.

Ілмектер: ауыз, дәм, парсы мақалы

Қалтасынын қораздың құйрығы қылтияды.

Ілмектер: қалта, қораз, парсы мақалы

Айрылса да көзінен,
Айнымайды сөзінен.

Ілмектер: сөз, көз, парсы мақалы

Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?

Ілмектер: арыстан, түлкі, күлкі, парсы мақалы

Сұмдығы – онға
Қулығы – мыңға жетеді.

Ілмектер: сұмдық, қулық, парсы мақалы

Көрде де көзін жұмбайды.

Ілмектер: көр, көз, парсы мақалы

Алақанына су да тамбайды.

Ілмектер: алақан, су, парсы мақалы

Көзінің мың сұмдығын
Өзінің кірпігінен де жасырады.

Ілмектер: көз, сұмдық, парсы мақалы

Тілеуі мықтының тірегі мықты.

Ілмектер: тілеу, тірек, парсы мақалы

Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.

Ілмектер: тіл, құрдас, бас, қалжың, парсы мақалы

Тіс арасында тіл қышиды.

Ілмектер: тіс, тіл, парсы мақалы

Көжесінен көзесі ыстық.

Ілмектер: көже, парсы мақалы

Тордағы торғай
Төбедегі тырнадан артық.

Ілмектер: тор, құс, торғай, артық, тырна, парсы мақалы