Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (167) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Қызды ауылдың иті жатпас.

Ілмектер: қыз, ит, ауыл

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

Ілмектер: қыз, үй, жеңге

Арпа берсең, атқа бер,
Қатыр-құтыр шайнасын.
Қызды берсең жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын!

Ілмектер: төрт түлік мал, жас, қыз

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Ілмектер: жұрт, жаман, қыз

Отырған қыз орын табар.

Ілмектер: қыз

Қызым үйде, қылығы түзде.

Ілмектер: қыз, үй

Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

Ілмектер: қыз, су, дау

Ыржық қызға — тыржық күйеу.

Ілмектер: қыз, күйеу

Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.

Ілмектер: үй, қыз, ұл, жұлдыз

Қотыр қызға — қола сырға.

Ілмектер: қыз, сырға

Қызы бардың назы бар,
Қысы бардың жазы бар.

Ілмектер: қыз, наз

Төркініне келген қыз
Төрге секірер.

Ілмектер: төркін, қыз

Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.

Ілмектер: жетім, қыз, пана

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Ілмектер: қыз, бала, қорлық

Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.

Ілмектер: қыз, ұл

Қыз кетсе — қуаныш,
Тұрақтаса — жұбаныш.

Ілмектер: қыз

Қыз жоқ жерде — қызық жоқ.

Ілмектер: қыз, қызық

Теңін тапсаң — тегін бер.

Ілмектер: тең, қыз

Жетім қыздың жеңгесі көп.

Ілмектер: жетім, қыз, жеңге

Қызғаншақтың қызы
Күйеусіз қалады.

Ілмектер: қызғаншақ, қыз, күйеу