Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Өлеңдер (41) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (394) Ұлағатты сөздер (152) Әзіл, анекдоттар (1)

Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би

Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.

Ілмектер: көз, алдау, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қуаныш, жылау Омар Хайям

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.

Ілмектер: тіл, сөз, ой, ақыл, адам, қасиет Ғабиден Мұстафин

Бір сөзге сабыр ете алмаған көп сөз есітеді.

Ілмектер: сөз, сабыр Ахнәф бин Қайс

Көп ішінде бір жалғыз,
Сөйлеп те сөзі өтер ме.

Ілмектер: жалғыз, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.

Ілмектер: сөз, шындық, нақыл сөздер Ыбырай Алтынсарин

Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды.

Ілмектер: үлгі, сөз, мата, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өлең — сөздің данасы, шындықтың анасы.

Ілмектер: өлең, шындық, сөз, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Түркіні бұзар - тәтті сөз.

Ілмектер: сөз Білге қаған