Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (93) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (151)

Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл адам баласынын, қиянатының көптігі — мейірімінің аздығынан.

Ілмектер: дүние, қайғы, жауын, қуаныш, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адам ішкі жан дүниесіне қараса дана болады.

Ілмектер: адам, дана, дана, дүние Джеки Чан

Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Мораль — ешқашан да ақиқатқа айнала алмайды: олай болса бүкіл дүние əулие болып кетер еді.

Ілмектер: мораль, ақиқат, дүние, әулие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Бір мезгілде əрі талдап отырған мəтіннен көз жазып қалмау, əрі өзің тапқан дүние боларлық бірдеңе жазып шығу — мүмкін емес.

Ілмектер: мәтін, талдау, дүние Жак Деррида

Кез келген көне дүние осы күнге аман-сау жеткені үшін ғана сүйкімді.

Ілмектер: көне, дүние, сүйкімді, тарих Жан Бодрийяр

Дүниені шырқ үйіріп, əмірін жүргізіп отырғандар арасында шынын айтар ешкім жоқ.

Ілмектер: дүние, шындық Роберт Вальзер

Дүние терең мағынасында ессіз көрінеді, ешқандай артық ойсыз ессіз келеді, ал ессіздік мəнершілдікке бейім тұрады.

Ілмектер: дүние Жорж Батай

Дүние — адам үшін шешуге тиісті жұмбақ тəрізді.

Ілмектер: дүние, адам, жұмбақ Жорж Батай

Нағыз ақын өзін қоршаған дүниедегі қорғансыз бала сияқты сезінеді.

Ілмектер: ақын, дүние, бала, сезім Жорж Батай

Ажалдың көлеңкесі біздің еркімізден тыс дүниеге келеді.

Ілмектер: ажал, көлеңке, дүние Жорж Батай

Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра түседі.

Ілмектер: дүние, сенім, адалдық Пьер Тейяр де Шарден

Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол — өсіп-өнуге деген құштарлық!

Ілмектер: дүние, құштарлық Пьер Тейяр де Шарден

Дініміз үшін де біз дүниеауи мақсаттарға құлшына еңбек ете аламыз жəне солай етуге тиістіміз де.

Ілмектер: дін, дүние, еңбек Пьер Тейяр де Шарден

Жалпы, атақты адамдар (жұлдыздар) мен шіріген байлар өздерінің беделінен, жеке қауіпсіздігінен, дүние мүлкінен айырылып қалуына қатты алаңдайды. Атақты және бай адамдардың көпшілігі іштей емес, сырттай бақытты.

Ілмектер: атақ, атақты, адам, жұлдыз, бай, бедел, қауіпсіздік, дүние, мүлік, бақыт, бақытты Narsha Bulgakbaev

Біреуге жетіп, біреуге жетпей жатқан қызықты бақыт дейміз. Бұл өмір Шын Бақыт емес. Қазақ бұл өмірге қызық деп қана баға берген. Одан артық баға беру дүниеге табынушылық.

Ілмектер: қызық, бақыт, қазақ, өмір, дүние Narsha Bulgakbaev

Ғылым дүниеге заттардың сыртқы көрінісін бақылаудан гөрі басқаша қараған кезі бар ма?!

Ілмектер: ғылым, дүние Пьер Тейяр де Шарден

Дүниенің тереңдігін өлшейміз деп əлек болған кезімізде — ақылымыздың өзі ұялып жерге кірердей болады.

Ілмектер: дүние, ақыл Пьер Тейяр де Шарден

Дүние дегеніміз — шын мəнінде өте ұлы іс.

Ілмектер: дүние Пьер Тейяр де Шарден

Адам баласы дүниеге ың-шыңсыз аяқ басқан болатын...

Ілмектер: адам, дүние, аяқ Пьер Тейяр де Шарден