Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (20) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (46)

Тек жұмыс қана, сайып келгенде шын өмір дегеннің өзі де сол ғой, — рахат, жан қуанышы, болмыс лəззаты.

Ілмектер: өмір, рахат, қуаныш, ләззат Роберт Вальзер

Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, өлсіз һəм күнəлі қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз
— бұл бар болу қуанышы, сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күш, өсу-өркендеу ғанибеті!

Ілмектер: материя, қуаныш, сезім Пьер Тейяр де Шарден

Мен өмірде бақытты адамдарды көрген жоқпын. Тек уақытша қуанышты сәттерді көрдім.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.

Ілмектер: Спорт, қызық, өмір, табыс, жеңіліс, қорқынышты, жеңіс, сенім, жаттығу, терлеу, лифт, баспалдақ, тәрбие, мектеп, тырысу, қиналу, қуану, қуаныш, мақтану, мақтаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Заманның ақыры таянған кезде бүгін қуанған ертең жылайды, бүгін жылаған ертең қуанады, бүгін мұсылман болып ұйықтаған, ертең кәпір болып оянады, бүгін кәпір болып ұйықтаған, ертең мұсылман болып оянады. Екіжүзділік шегіне дейін жетеді. Мұсылман мұсылман еместен ерекшелігі байқалмай қалады. Міне, осындай заманға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: Мұсылман, заман, қуаныш, жылау, ұйқы, кәпір, екіжүзділік, ерекшелік, қорқыныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Алғаш жиналған қор көп қуанышқа кенелте қоймайды: ол жағдайды түзетуге жетпейді.

Ілмектер: қуаныш, қор Эмиль Дюркгейм