Ертеде несібесін түзден терген бір аңшы болыпты. Бір күні аң аулап жүріп, шұбар киікке ұшырасады. Жас лақтаған, желіні жер сызған киік екен, бірақ аң деген көзің құрты емес пе, аңшы «сен де жазық жоқ, менде азық жоқ» дейді де, садағын кезенеді.
Осы кезде шұбар киікке тіл бітіп:
— Ей, Сұрмерген, мені атпа. Әлі бауырын көтермеген егіз лағым бар еді. Жүрегім елжіреп, желінім дертіп келеді. Сен маған мұрсат бер, сол лақтарымды тойғыза бір емізіп, соңғы рет бауырыма алып, мауқымды басқан соң өзіңе қайтып келейін, — дейді.
Аңшы ойланып қалады. Нанбайын десе адамша сөйлеп тұр, нанайын десе басқа кепіл болар ештеңе жоқ.
— Мен сені атпай жіберер едім, бірақ қайтып келетініңе кім кепіл болады? — дейді аңшы.
Осы сөздің айтылуы мұң екен, аспан шарт етіп, найзағай жарқ етіп, жерге Мұхаммед пайғамбар түседі де:
— Мен кепіл боламын! — дейді.
Мұнан соң аңшы киікті босатады. Кепілдікке келген Мұхаммед пайғамбар жанында, енді аңшы лақтарын емізуге кеткен киіктің қайтып оралуын күтеді.
Арада біраз уақыт өтеді. Күт батуға айналады. Сол кезде аңшы таңырқап, Мұхаммед пайғамбарға тіл қатады:
— Сіз мені бұйырған ризығымнан қақтыңыз-ау, киік опасыз болды! — депті. Сонда Мұхаммед:
— Сабыр ет, аңшым, он сегіз мың ғаламда мені ешкім алдаған емес! — депті.
Осы сөзді Мұхаммедтің айтқаны сол екен, таңы жарқырап шұбар киік те жетіпті дейді.
Бұл оқиғаны естіген күйші домбырасына келтіріп күй тартса керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі