Эссе және өлең-жыр байқауы




Зәкір

араб тілінен алынған закр - ес, сана, ақыл, еске алушы.


Есімге сілтеме: Зәкір

Зәмзамия

араб тілінен — су тасушы.


Есімге сілтеме: Зәмзамия

Зәмзегүл

араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Зәмзегүл

Зәрипа

араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.


Есімге сілтеме: Зәрипа

Зәріп

араб тілінен алынған зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, нәзік, көркем.


Есімге сілтеме: Зәріп

Зәуре

араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.


Есімге сілтеме: Зәуре

Зейнегүл

араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Зейнегүл

Зейнеп

араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.


Есімге сілтеме: Зейнеп

Зейнұр

араб тілінен - нұр, көркемдік рең. Қысқарта айтылу түрі – Зейн.


Есімге сілтеме: Зейнұр

Земфира

грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.


Есімге сілтеме: Земфира

Зере

иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.


Есімге сілтеме: Зере

Зерек

иран тілінен алынған — аса ақылды, пысық.


Есімге сілтеме: Зерек

Зиба

иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.


Есімге сілтеме: Зиба

Зибагүл

гүл сияқты әдемі, сұлу.


Есімге сілтеме: Зибагүл

Зила

араб тілінен — таза, ашық, айқын.


Есімге сілтеме: Зила

Зина

Араб тілінен аударғандағы мағынасы - сәндік, әшекей.


Есімге сілтеме: Зина

Зинира

араб тілінен - безенген көрікті, көркем.


Есімге сілтеме: Зинира

Зиния

араб тілінен - безенген, әшекейленген, сәнденген.


Есімге сілтеме: Зиния

Зия

араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле.


Есімге сілтеме: Зия

Зиягүл

гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.


Есімге сілтеме: Зиягүл

Зияда

араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша.


Есімге сілтеме: Зияда

Зиятбек

иран тілінен алынған — зияд - көп, мол; қосылған, көбейген + бек.


Есімге сілтеме: Зиятбек

Зікірия

араб тілінен — есте қалған; ес, жады; еске алу. түрі — Зікіриян.


Есімге сілтеме: Зікірия

Зура

(қараңыз: Зәуре).


Есімге сілтеме: Зура

Зүбайда

араб тілінен - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген.


Есімге сілтеме: Зүбайда

Зүбайра

араб тілінен - күшті, ақылды.


Есімге сілтеме: Зүбайра

Зүлфия

араб тілінен - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.


Есімге сілтеме: Зүлфия

Зүмрат

иран тілінен - қымбат, бағалы тас.


Есімге сілтеме: Зүмрат

Зұлқарнай

араб тілінен алынған — зул + корнеин — қос мүйізді. Александр Македонскийдің лақап аты.


Есімге сілтеме: Зұлқарнай

Зұлпықар

араб тілінен алынған зу + л + фагар - шаншушы, Әлидің қылышының әсірелеген аты; түйреуші, қақ жарып түсуші, жарып түсетін қылыш деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Зұлпықар

Зылиқа

араб тілінен - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.


Есімге сілтеме: Зылиқа

Ибат

араб тілінен алынған һібәт, һибат — сый, сыйлық тарту.


Есімге сілтеме: Ибат

Ибрагим

көне еврей тілінен келген Авраам есімінің айтылу түрі. Ел ағасы деген мағыналы есім. түрлері — Ыбрайым, Ыбрай, Ыбыш, Ыбыкен, Ыбыраш.


Есімге сілтеме: Ибрагим

Игенбай

құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Игенбай

Игілік

қайырымды іс, жақсылық.


Есімге сілтеме: Игілік

Игісін

жақсы, қайырлы.


Есімге сілтеме: Игісін

Идаят

(қараңыз: Ғидаят).


Есімге сілтеме: Идаят

Изатбек

араб тілінен алынған — иззат — даңқ, атақ + бек. Аса даңқты, атақты.


Есімге сілтеме: Изатбек

Икрам

араб тілінен алынған — икром — ізет, құрмет, сый, қадір.


Есімге сілтеме: Икрам

Инаят

(қараңыз: Ғинаят).


Есімге сілтеме: Инаят

Индира

үнді тілінен алынған — ай.


Есімге сілтеме: Индира

Ирада

араб тілінен алынған — ерік, ықылас.


Есімге сілтеме: Ирада

Иса

көне еврей тілінен келген Ииеустың арабша айтылу түрі — құдай сыйы, құдай құтқарады. Синонимдері — Айса, Ғайса, Ғайсын. Біріккен тұлғалы есімдер — Исаділ, Исалы, Исахмет, Исабай, Исабек, Исағали, Исатай, Исажан, Исахан.


Есімге сілтеме: Иса

Ібни

араб тілінен — ер бала, ұл.


Есімге сілтеме: Ібни

Ізбасар

әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.


Есімге сілтеме: Ізбасар

Ілебай

Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ілебай

Ілияс

еврей тілінен алынған ильяс — күш, құдірет.


Есімге сілтеме: Ілияс

Інжү

теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі седепті тастар; Маржан.


Есімге сілтеме: Інжү

Іңкәр

араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.


Есімге сілтеме: Іңкәр

Іңкәрбек

араб тілінен алынған инкар — құмар, ынтың; ата-ана перзентке зар болып, құмар болып жүргенде туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Іңкәрбек

Ісмет

араб тілінен — ізгі, рахымшыл, адамгершілігі мол; таза, пәк.


Есімге сілтеме: Ісмет

Кабир

араб тілінен - ұлы, күшті, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.


Есімге сілтеме: Кабир

Кабира

араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.


Есімге сілтеме: Кабира

Камал

араб тілінен алынған камал - толықтық, жетіктік, тұтас. Түрлері — Кемел, Камал, Камил.


Есімге сілтеме: Камал

Карина

жаңа есім — Карск теңізі атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Карина

Кәдір

араб тілінен алынған кадр - күшті, құдіретті; қабілетті; кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.


Есімге сілтеме: Кәдір

Кәдірбай

араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Кәдірбай

Кәдірбек

араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.


Есімге сілтеме: Кәдірбек

Кәдіржан

кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.


Есімге сілтеме: Кәдіржан

Кәкімбек

араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.


Есімге сілтеме: Кәкімбек

Кәкімжан

араб тілінен алынған хәкім - дана, данышпан, ақылды, есті; философ + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.


Есімге сілтеме: Кәкімжан

Кәмалия

араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.


Есімге сілтеме: Кәмалия

Кәміл

араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім - Көмілбек. Синонимдері - Кемел, Кемелбай.


Есімге сілтеме: Кәміл

Кәрима

араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Кәрима

Кәрім

араб тілінен алынған карим — қолы ашық мырза, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді. Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.


Есімге сілтеме: Кәрім

Кәріпжан

араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.


Есімге сілтеме: Кәріпжан

Кәусәр

араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Кәусәр

Кекіл

баланың мандайға дейін қойған шашы.


Есімге сілтеме: Кекіл

Келбет

көрік, ажар, әр, тұлға.


Есімге сілтеме: Келбет

Келіс

келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.


Есімге сілтеме: Келіс

Кемелбек

араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.


Есімге сілтеме: Кемелбек

Кемеңгер

араб тілінен — дана, данышпан.


Есімге сілтеме: Кемеңгер

Кенбай

кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Кенбай

Кенен

қазақ тілінен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.


Есімге сілтеме: Кенен

Кенеш

көне түркі тілінен - кенш — бала.


Есімге сілтеме: Кенеш

Кенже

ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.


Есімге сілтеме: Кенже

Кеңес

мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.


Есімге сілтеме: Кеңес

Кеңесгүл

жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.


Есімге сілтеме: Кеңесгүл

Кеңшлік

жаңа есім - бостандық, еркіндік.


Есімге сілтеме: Кеңшлік

Керім

араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі - Дәулеткерім.


Есімге сілтеме: Керім

Керімбала

керемет сұлу қыз бала.


Есімге сілтеме: Керімбала

Киікбай

қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.


Есімге сілтеме: Киікбай

Клара

латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы.


Есімге сілтеме: Клара

Көбеген

көне түркі тілінен келген — жас бала.


Есімге сілтеме: Көбеген

Көбей

көп бол, өніп-өс деген мағынада.


Есімге сілтеме: Көбей

Көбейсін

өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.


Есімге сілтеме: Көбейсін

Көдек

иран тілінен алынған кудак — бала, сәби; бозбала, жігіт.


Есімге сілтеме: Көдек

Көкбай

көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.


Есімге сілтеме: Көкбай

Көпбай

бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Көпбай

Көпжан

көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.


Есімге сілтеме: Көпжан

Көпжасар

бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Көпжасар

Көрік

әдемі, сұлу келбет, әдемілік.


Есімге сілтеме: Көрік

Көркемжан

бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Көркемжан

Көшімбай

(қараңыз. Үдербай).


Есімге сілтеме: Көшімбай

Күбара

араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар.


Есімге сілтеме: Күбара

Күлай

гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Күлай

Күлайхан

гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән.


Есімге сілтеме: Күлайхан

Күлайша

тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.


Есімге сілтеме: Күлайша

Күләнда

тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.


Есімге сілтеме: Күләнда

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...