Өлең, жыр, ақындар

Платон

Платон көне грекше: Πλάτων (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.


Нақыл сөздері

Шешендiк — ақылмен билеу өнерi.

Ілмектер: шешендік өнер, ақыл, билеу өнері, өнер, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Платон

Басқа адамға да ашулануға мүмкiндiк берiңiз. Егер сiз дауыс көтерсеңiз, оның да дауыс көтеруге құқығы бар.

Ілмектер: ашу, ашулану, дауыс, құқық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Ұялту кезiнде айтылғанды түсiну үшiн басқаның саналы ақылы керек…

Ілмектер: Ұялту, сана, ақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Егер бiреу бiр нәрсенi бiр кезде қалай iстеу керек екенiн еске салса, бiз, әрине онымен келiсемiз.

Ілмектер: келісу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Мен заңның ешқандай күшi болмайтын және бiреудiң билiгiндегi мемлекеттiң күнi санаулы екенiн айта аламын. Билеушiлер заңның құлы болатын мемлекеттің адамдарына Құдай игілік сыйлайды.

Ілмектер: мемлекет, құл, заң, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Менiңше, әрбiр естi адам өзiнен жақсы кiсiнiң қасынан табылуға тырысады.

Ілмектер: есті, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Әсемдiктiң жолы ауыр.

Ілмектер: әсем, ауыр, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Ешкім кездейсоқ жақсы адам болып шыға келмейді.

Ілмектер: Жақсы адам, Кездейсоқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.

Ілмектер: тәрбие, бала, нақыл, мемлекет, міндет, афоризм, қанатты сөздер Платон

Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлы.

Ілмектер: кінә, үйрету, нақыл, афоризм Платон

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі -топастық, екіншісі - жалқаулық.

Ілмектер: жалқаулық, нақыл, афоризм Платон

Ақылдылар - табады, ақылсыздар жоғалтады.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм Платон

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Платон

Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.

Ілмектер: кедей, кедейлік, қомағайлық Платон

Достық - теңдіктен басталады.

Ілмектер: достық, теңдік Платон

Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түс­пек.

Ілмектер: патша, дана, дүние Платон

Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.

Ілмектер: бақыт Платон

Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ

Ілмектер: заң Платон

Өз-өзіңді жеңу - жеңістердің жеңісі.

Ілмектер: жеңіс, психология Платон

Ақымақтықтың екі белгісі бар. Бірі - өзіне пайдасы жоқ нәрсені әңгіме қылуға бейім тұрады. Екіншісі - сұрамаған адамға ақыл айтады.

Ілмектер: ақымақтық Платон

Қарап көріңіз