Өлең, жыр, ақындар

Ғабит Мүсірепов

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;
1928 – 32 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі;
1938 – 55 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 57 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 61 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1959 – 85 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.


Туындылары Нақыл сөздері

Біз әйелді әйел сыңайынан таныған елміз.

Ілмектер: әйел Ғабит Мүсірепов

Кедейге кепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш.

Ілмектер: кедей, мақтаныш Ғабит Мүсірепов

Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...

Ілмектер: еркек, жүрек, білек, іс Ғабит Мүсірепов

Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жігер де бар, жалынышы мен жалыны да бар. Жан тазалығы, саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар. Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат ала аласың...

Ілмектер: ұят, қыз Ғабит Мүсірепов

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім

Ілмектер: ұстаз, оқушы, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Ғабит Мүсірепов

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Ілмектер: ана тіл, қазақ тілі Ғабит Мүсірепов

Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді

Ілмектер: әйел, еркелік Ғабит Мүсірепов

Қарап көріңіз