Концлагерьде туған қыз
(баллада)
Құтылып дүлей бораннан,
Жым – жырт жатқан даланы – ай.
Көк майсаға оранған,
Бейкүнә сәби баладай.
Қайғы деген жоқ ойда,
Қыз – жігіт ойнап келеді.
Жарықтық, жарқын Украина,
Неткен байтақ кең еді?!
Аунатып гүлге Васкасын,
Лида қыз сыңғыр күледі.
Ұмытып ойдың басқасын,
Елжіреп оны сүйеді.
Махаббат – шарап мас қылып,
Айқасып кейде қос құшақ.
Бал еріндерінде тәттілік,
Ұмытылар ма осы шақ?!
Әдемі ұяң қайыңдар,
Ырғалып басын шұлғиды.
Байсалды қарағайлар да,
Риза болып жымиды.
Таулар да алып мұнартып.
Алыстан қолын бұлғайды.
Екі жас сосын құмартып,
Құстардың әнін тыңдайды.
Жүрекпен жүрек үндесіп,
Айтады жұмбақ сырларын:
-«Тербейсің Васька,сен,бесік,
Босанса ертең жан – жарың.
Біз құрған асыл шаңырақ,
Мол болар ғашық жылуға.
Қызғанам сені мен бірақ
Көз салма өзге аруға».
Ал Васька сол сәт жымиып,
Жанына жақын отырып,
Лидаға күліп қарайды.
Сары алтын шашын тарайды.
Алақанын ұстап ал оның,
Басады лида ішіне.
Үш айлық сәби баланың,
Таңданып тірлік күшіне...
Содан соң ыстық төсекте,
Ұйқыға берген қиялды...
Бомбы үні кенет гүрс етті,
Екеуі шошып оянды.
Жаңғырған дауыс тау іші,
Орманды жалын шарпыған.
Естілер сәби даусы,
Анасын іздеп талпынған.
Өртеніп жатыр бар ауыл,
Дән орып жатқан кешегі.
Жинақтал, үлгер, ал, бауыр,
Келді Отан қорғау кезегі.
Бірақ жау бәрін қоршады,
Жан – жақтан өткен ентелеп.
Бір сатқын жауды қарсы алды,
Нан мен тұз беріп, не керек.
Фриц көзі қанталап,
Сатқынға мылтық ұсынды.
Сол кезде сатқын зәнталақ,
Васьканы оққа ұшырды,
Өксиді, Лида, өксиді,
Жан – жарын өлген құшақтап.
Дүние қалай өзгерді,
Япырм – ау мынау, әп сәтте – ақ.
Днепрден өтіп зуылдап,
Келеді поезд ілгері:
Бәрінен маған сен қымбат,
Қош, Украина күндері.
Орманым өскен көкке өрлеп,
Көрем бе қайтіп мен сені?!
Қош бол далам көкпеңбек,
Көтерем қайтіп еңсемді.
Өзіңде өскен қызың ем,
Қимастан саған қараймын.
Сағыныш нәзік сезіммен
Ауаңды жұтып қалайын.
Освенцим түрмесі,
Темір тормен қоршалған.
Айнала күзет, іргесі,
Қозғалсаң оқпен қарсы алған.
Айырып жасын, кәрісін,
Болып – ақ қалды бір кеште.
Ажалға байлап жартысын,
Лақтырмақ өртеп от пешке.
Құшағынан ананың,
Баласын жатыр айырып,
Мама, - дейді қайырылып.
-Көр – көр бәрін көзіңмен,-
Дейді Лида өзіне.
Қайсарлы кек сезіммен,
Жеңдіріп бой төзімге.
Қара су мен тілім нан,
Мұнда түрме азығы.
Тұтқынның әлсіз жығылған,
Маңдайына оқ жазылды.
Шыдау керек қалайда,
Өлмеу керек шерменде.
Шіркін жүрек тулайды,ә?!
Мұндай азап көрген бе?!
Кетпес елдің есінен,
Қарғыс атқыр бұл соғыс.
Түртіп елдің есінен,
Қарғыс атқыр бұл соғыс.
Түртіп сәби ішінен,
Істеп жатыр күн көріс.
Гуілдейді суық жел,
Лагерь іші тым суық.
Тапжылмастан қарай гөр,
Күзетші жүр қушиып.
Сыртында бар тыныштық,
Ішінде мол азабы.
Освенцим ыңырсып,
Өлім жырын жазады.
Өмір бойы жыр болар,
Бұл фашистер әлегі,
Бірін – бірі тұтқындар,
Сүйемелдеп келеді.
-Бүгін неге мазасыз,
Қорқынышты жәйге еніп.
Лидажан қалайсыз,
Дұшпанға сыр бермелік.
Дәрігермін қысылма,
Бәрін іштей сеземін.-
Деп құрбысы қасында,
Айтты толғақ кезеңін.
Шым еткізіп жүректі,
Шыдатпай жүдеу денесін,
Сілкінтіп жау түрмесін,
Сәби – жыр жерге шыр етті.
Орағаны үстіне,
Концлагерь көйлегі.
Қиындықты сезді ме?
Көп жыламай гуледі.
Айқұш – ұйқыш тор қалың,
Тоқ ұрады сымдары.
Төрт жастағы Ольганы,
Мол – ақ түйген сырлары.
Ала шұбар үстінде,
Түрме берген курткасы.
Соғыс мұңы кезінде,
Қайда анасы, тоқташы?
Қалған жоқ па ауырып,
Көрінбейді ол неге?
Өз – өзінен даурығып,
Күзетші жүр мінбеде.
Әне,әне алақай,
Жаны аңсап барады – ай,
Көрінді ғой мамасы.
Бірақ тоқ сым арасы.
«Бес мың төрт жүз үшінші,
Кәне кейін тұрыңыз?!
Тұр айқайлап күзетші,
Шегінді Ольга қызымыз.
Жанарында мөлдір жас,
Жерге түскен домалап.
Өзіменен шамалас,
Бір қыз өлді,обал – ақ!
Туғанынан көрген жоқ,
Ол өмірден қызықты.
Қолда болса атар оқ,
Фашист деген бұзықты.
Болып алды ой кезбе,
Кеуде де қан қайнайды.
Балдарменен кей кезде,
Түрме бұзып ойнайды.
Бар жұмбағы ішінде,
Сезеді оны жүрегі.
Нанға тойып түсінде,
Күліп, ойнап жүреді.
Азаттық пен аштықтың,
Не екенін біледі ол.
Ақ тілегі ашық күн,
Еркіндікке барар жол.
Қыз тағдыры ұрпаққа,
Сырын талай тыңдатар.
Ерлігін сен ардақта,
Шежіре боп, тіл қатар.
Қара тастай қайғысын,
Тал бойына өргендей.
Естіп сәби дауысын,
Тұра алмассың тебіренбей.
Олар көріп май таңын,
Жетті нұрлы бақытқа.
Солар болып айтамын,
Бар сырымды уақытқа.
Күңіреніп аналар,
Іздемесін бөпесін.
Отқа оранып қалалар,
Күлге айнала көрмесін.
Бомбы болып көкте жалт,
Жарылмасын бағыңда,
Освенцим мен Бухенвальд,
Салынбасын тағы да.
Ынтымақ пенен адамзат,
Құрып, иман сая бақ.
Тыныштықта болсын шарт,
Жер – Анасын аялап.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі