Өлең, жыр, ақындар

Туған өлкем – Балқашым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Туған жерім – қасиетім, ардағым,
Сенсің менің ең аяулы арманым.
Сенде түлеп, қанатымды қатайтып,
Асқар шыңды биіктерге самғадым.

Туған жерім ыстық маған әрдайым,
Сенде жүрсем жүрегімде жоқ уайым.
Жүрегімнен тербеп шыққан алғашқы,
Ән-жырымды мен өзіңе арнайын.

Балқашым – ау, сан қыранды түлеткен,
Сені қанша жыршы-жырау жыр еткен.
Біз де сондай ұрпағыңбыз өзіңнің
Періштедей сүйетін пәк жүрекпен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған өлкем – Балқашым өлеңінің авторы кім?

oljas04 — осы өлеңнің авторы.

Туған өлкем – Балқашым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Туған өлкем – Балқашым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде oljas04 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған өлкем – Балқашым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.