Өлең, жыр, ақындар

Ұмытылмасын Ұлы күн

Тағы атты міне азаттығымның ақ таңы
Жылатты бірақ халқымның бейқам жатқаны
Көшелерімде сурет-жазбаның орнына
Дүкендерімде «Аяз аталар» қаптады.

Ерте батпасын Тəуелсіздіктің күні тым
Ұмытылмасын ұлттың жадынан ұлы күн
Ақ найза ұстап бостандық үшін күрескен
Ұмытпа қазақ ата бабаңның ғұрыпын

Ұлықталмасын Жаңа жыл мейлі құрысын
Ұмытпа қазақ сен сахараның Ұлысың
Сыйымен емес Аяз атаның бұл күні
Желтоқсаншылардың рухымен ғана тірісің

Ұлтымның ойын кəпірлер ғана ластамақ
Санаңа тоқы осыны қазақ жастан-ақ
Қайрат пен Ербол мұз үсті жанған алау боп
Егемендіктің ертеңі үшін жас қазақ

«Желтоқсан желі» ызғарды сезген жұрт үні
Тəуелсіздігім қасіретімнің тыртығы
Қазақтың қызы қор болған күнді ұмытып
Бұғыны күтіп той тойлағаның күлкілі




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз