Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік!

Тар жолменен тайғақ ғұмыр кешкеннен,
Жеңе білген қиындықты кез-келген.
Егемендік ұран алдық ортаға,
Тәуелсіздік желі келіп ескеннен.

Дария көңіл шексіз нұрға жуық тым,
Желтоқсанда ызғары бар суықтың.
Халқымыздың татулығы ғажап қой,
Бірлігіндей шаңырақ пен уықтың.

Тәуелсіздік басқа оңай келген жоқ,
Бізге оны оңай жолмен берген жоқ.
Егемендік алғаннан соң, мың шүкір,
Отаршылдық соңымыздан ерген жоқ.

Елдің ұстап жүйкесі мен жұлынын,
Дұшпандары сала алмаған құрығын.
Есім, Тәуке, Жәңгір менен Абылай,
Кенесары арман еткен ұлы күн.

Бұл ұлы күн- тәуелсіздік алған күн,
Бар азапты өткен күнге салған күн.
Нұр атамыз бастап берді даңғыл жол,
Сергелдеңін сілкіп тастап жалғанның.

Әруақытта ашық болсын аспаным,
Көбейсін тек өршіл рухты жастарым.
Тәлім алып болашаққа мінекей,
Нық қадамды нық сеніммен бастадым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар