Өлең, жыр, ақындар

Періште қыз

Періште қыз!
Қайтеміз сіз көктесіз біз еңістеміз
Махаббаттың отына мен күйсем де
Сезімімнің уынан тең ішкенбіз

Күнде көрем!
Сізге ұқсайтын сол жанды
үндемеген
Сескеніп сол кейпінен көп ойларға
Көміліп қала берем мінбелеген.

Сезгеніммен
Қосылады дейсің деп
өзге кіммен?
Жүздесіп жүрсек-тағы талай мəрте
Кездесе алмай жүрмін көздерімен

Сыры бекем
Ол да бір тас түйіннің
бірі екен
Оған көз сап жүргендер дос -жараным
Ол да айтпайды... өтірік күліп өтем



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз