Өлеңмен сырласу
Өлең, өлең сені жақсы көремін,
Шаршағанда көңіліме демеусің,- дер едім.
Өлеңменен таңым атып, күн батса,
Мен өзімді бақыттымын дер едім.
" Поэзия менімен егізбе едің ?" - дегендей,
Көкейімде тұрып алдың сен кетпей.
Неге мен де сені күні -түні іздедім,
Сенсіз маған тұрады ғой дем жетпей.
Өлең, өлең өзіңменен сырласамын,
Басқа жанға айтпаған сыр ашамын.
Жүрегіме ең жақын адал доссың,
Өлең, өлең өзіңменен қыр асамын.
Өлең, өлең қара сөздің патшасы,
Шіркін көңіл көк дөнендей бір шапшы.
Қиялменен аспанға ұш, жерге түс,
Өлеңменен өмір жолын жалғашы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі