Өлең, жыр, ақындар

Теңіз

Әр таң сайын сені көру үшін келіп тұрамын тереземнің алдына, Теңііз!
Әр таң сайын ең сүйікті әнімді айтып беру үшін келіп тұратын болам.
Ең ұзақ сапарым – төсегім мен тереземнің арасында өтті.
Ең қасіретті әнім – сол сапарда шырқалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қираған үй

  • 0
  • 2

Қираған үй мен салынып бітпеген үйдің арасында айырмашылық жоқ дейтінбіз…
Қираған үйге үреймен, салынып жатқан үйлерге үмітпен қарайтынбыз бірақ…
Ал сонсоң,
Құдды өткеніміз бен болашағымызға қарағандай
қарап тұратынбыз екеуіне бірге…
үрейлі үмітпен..

Толық

Galat-ı Meşhur

  • 0
  • 0

...жұлынбай, аңдаусыз ұмытылған
арамшөптердей сезінер өзін-
қартайған сағыныш,
жүдеген сезім.

Толық

Құстар

  • 0
  • 0

Заттарын жинап алып, кетіп барады құстар.
Үнемі кететін, ешқашан оралып көрмеген құстар..
ешкімге, ешқашан "сау болғайсың", "көріскенше"
деп айтып көрмеген құстар..

Толық