Өлең, жыр, ақындар

Қоштасу хаты

Байқайсың ба?
Бірде аяз, бірде ызғармын,
Жылынған күтіп, жанарыңнан күн қызғанын.
Лаулаған көздеріңнің жалынын,
Неліктен сен менен шын қызғандың?

Сезілмей ме?
Сені іздеп, сағынғаным?
Мен қазір біз кездескен ауылдамын.
Келмейсің де, көрмейсің де,
Ауырмай ма жаның, сезсең де жүрегімнің сыздағанын?

Көрмейсің бе?
Халімнің сыр ұққанын,
Атпағанын күнімнің күліп таңын.
Мен бірақ, сені әлі ұмыта алмай,
Жинап жүрмін қалған сезімнің сынықтарын.

Өкінбейсің бе?
Қоштасу бұл ең соңғы.
Сағынсаң кел, тілдесейік екеуміз,
Таңдадың өзің сол жолды.
Кеш деме, кешір деме сен сосын,
Кетем үнсіз, аманат қып саған бар сырды.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз