Өлең, жыр, ақындар

Сыртыңнан ғана жақсы көремін

Жатсың ба, әлде сен менің теңім,
Сен жайлы ойды неге кеземін.
Түсініксіз сезім жаулап санамды,
Сыртыңнан ғана жақсы көремін.

Күлкіңнен әсем нұрланған күнім,
Жанарыңнан ғана сыр ұққан түнім.
Айтқым кеп тұрса да, күрмеліп тілім,
Сыртыңнан ғана жақсы көремін...

Мен сені жұлдыз, айға теңедім,
Сендік жүрек менен алған керегін.
Жақындауға батпаймын, неге екенін,
Сыртыңнан ғана жақсы көремін...

Сүйіп қап жүрек мен де жазалым,
Білмеймін бұл бақыт па, әлде азабым,
Өкінбеймін бірақ сүйгенім үшін
Сыртыңнан ғана жақсы көремін...

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз