Балалық шаққа сағыныш
Тоқтатып алып уақыттың құрғыр кемесін,
Кетсем ғой шіркін сол шақтарға мен өзім.
Сыр шертісіп артта қалған жылдармен,
Жұтар ма едім бала күннің жұпар иісін?
Құмары қанбас ойын мен күлкі базарлы,
Алаңсыз өткен балдәурен өмір ғажабы.
Желдей ескен балғын шақтың сәттері,
Айналды естелікке, жастықтың қалып ажары.
Жарыса кетіп тайменен, бала қиялмен,
Таңғы шық пен тербеген самал, даласы кең.
Жаңа қадам басталды, ал мен кішкентай,
Бейхабар ем тіршіліктен, бар әлемнен.
Бүгінде бәрі сурет, естелік, сөнген түсім,
Сағыныш болып сыбырлаған түнгі ызың.
Қайран дәурен, қайтып келмеске кетті ме…
Ер жеткенше асықтық екен біз не үшін?
Ай астында жасырып кішкене құпияны,
Қауіпсіз әлем, жүректің өз сыңары.
Армандап едік, жұлдыздарға күлімдеп,
Қазір арман балалықтың ең әдемі шырайы.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі