Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз арман

Көңілдің ерімей бір әппақ қары,
Тоңдырды қарашадай жанды бейнем.
Тағдырдың ызғары бар таңдауы,
Шаршадым бәріне төзуден мен.

Жалғанның жарығы сезілмеген,
Мен бақыттым, бірақ сезінбегем.
Біреудің арманы болғым да жоқ,
Өзімнің мұңымда өзім сөнгем.

Жердегі бұйырмас бақытыңды,
Сағаттай сырғыған уақытыңды.
Мен алып кетердей, қайран өмір,
Жасырып қойдың ба шаттығыңды?

Жанымда жылусыз күздің үні,
Сол күзде жоғалды күлкім, нұры.
Түндерді кеземін үнсіз ғана,
Сағынып өзімді өткен күнді.

Шуағын жасырған күнге де мін,
Тағармын оған да, үлгерермін.
Бір ғана арманым қалар мәңгі
Мен еркін, мен еркін, күлмегенім.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз