Ордағы ой
Жастық-шақ, қас қағымда өтіп кеткен,
Қуып шыққан көз көрмеске ескертпестен.
Тастап кеттің неліктен жас баланы?
Бостандықта емін еркін өмір сүрген.
Құрбы-құрдас жоқ қасымда қолдайтын,
Қиындықты еңсеруден талмайтын.
Сөйлер сөзге кедеймін таласым жоқ,
Жазуменен асуым жоқ алмайтын.
Онлайн дос, дос болар ма расымен?
Көмегі тимес, айқасымда қасыммен.
Дос-жаранның болмағаны қасыңда,
Ет жүрекке ауыр таңба, расында.
Мойымаспын, қадам баса ілгері,
Атса дағы мылтығы жаудың білтелі.
Кебенексіз қу дүниеге еніп барам,
Аяғымда алдыңғының тозық етігі.
Жалғыздық ойландырар әрқашан,
Ол ойдың себептері сан алуан.
Қу дүниеде кебінін кисем кәпірдің,
Өлім ғана, дүниедегі жалғыз жазам.
Уәсуәсасы Шайтанның жарты ойым,
Соны жеңу, шаршы алаңда жалғыз ойын.
Қаруым жоқ, еңбек және талабым
Бірақ сынбас бұл ойында ер рухым.
Өр мінезді, төрден тек орын алған
Бабалардың дана жолы қызықтырған.
Ұлы дала, көпті көрген қара жер,
Бабалар кетті, өз қаныма тойындырам.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі