Өлең, жыр, ақындар

Соңғы хат…

Үш нүктесі бар хатты жазбас бұрын.
Мың ойландым,не жазам,білмей тұрым
Неге гүлдің солғаны? Не болғаны?
Түсіне алмай ауысты күн мен түнім.
Сондықтан да не қыларын білмей жүрім
Кінәләуға хақым жоқ өзіңді мен.
Толқынымен арманның жүзіп жүрген.
Шақырымға қарамай төзіп жүрген.
Ашулансам үндемей, қарсы шықпай,
Барлығына көнігіп, озып білген.
Кінәләймін тек қана өзімді мен,
Айналаны суытқан күзімменен.
Қалауы сол болды ма сұм тағдырдың?
Жүрегінде сен оның мұң қалдырдың.
Осылайша өзімді жегідей жеп,
Сөз шығармай аузыма құм салдырдым.
Енді тұрмын астында бұл жаңбырдың.
Бәлкім біреу түстіма арамызға?
Сол біреудің ойымен жанамызба?
Не дейді? не айтады екен ол деп?
Екі жақа бөлектеніп барамызба?
Қаламайды екен деп қаламызба?
Не болсада кешіріп көр сен ендеше.
Сенбе оларға мен жайлы не деседе.
Ғашық болдым, тырыстым сүюге мен.
Қолымнан ондай нәрсе келмеседе.
Соңғы сөзім жазылған түн қағыста.
Сүртіп таста хатыма жас тамызба.
Біз күткен болашақ оралмастай,
Кетіп барат қарамай ол алысқа.
Мұңаймашы,жылама көтер басты.
Екеумізге сұм тағдыр қабаттасты.
Мойыма күз өтеді,қыс өтеді.
Көктем келіп барлығын өзгертеді.
Жылу беріп жаураған жанарыңды,
Бесігіне бақыттың тербетеді.
Қалғандары алдамшы келбет еді.
Қоштасайық! жүрегіңе жерле мені.
Алтыным ау түсіңде де көрме мені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар